РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ FASHION-ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚОЛБАСШЫЛАРЫ  АСТАНАДА ӨЗДЕРІНІҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ FASHION-ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚОЛБАСШЫЛАРЫ АСТАНАДА ӨЗДЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

2018 жылдың 26 қыркүйегінде сағ. 10.00-де ЭКСПО Астана Конгресс-орталығында (Мәңгілік Ел даң., 144/7) ресейлік компаниялардың іскерлік миссиясы және тұсаукесер көрмесі Russian Fashion brands өз жұмысын бастайды.

Бұл күні ресейлік fashion-индустрияның 40-қа жуық көшбасшылары мен қолбасшылары  қазақстандық баерлер мен көтерме сатып алушыларға сәнді үрдістер және киім, аяқ киім, аксессуарлар мен тоқыма киім топтамаларын ұсынады. Зиянды өндірістерде қолданылатын заманауи арнайы киім мен арнайы аяқ киімді жеке топ таныстырады.

Сәнді көрсетілімдер - дефиле және екіжақты кездесулер Астанаға келген ресейлік өндірушілердің мүмкіндіктері мен тауар түрлерін кеңінен және жан-жақты таныстыруға мүмкіндік береді.  Қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдерінің тікелей байланыстар орнатуға, жаңа сенімді жеткізушілерді табуға және отандық тұтынушы нарыққа ұсынылатын өнімнің түрлерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Ресей тарапынан Іскерлік миссияның ұйымдастырушысы - Ресейлік Экспорт орталығы мемлекеттік институты (www. Exportcenter.ru). Іскерлік іс-шараға Қазақстан тарапынан Астана әкімдігі, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы және «Астана Конвеншн Бюросы» ЖШС мемлекеттік қолдау көрсетуде. Өз елдерінде шағын және орта бизнесті қолдауға және дамытуға ерекше көңіл бөлетін Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мұндай іс-шаралар жеңіл өнеркәсіп саласындағы екіжақты сауда қарым-қатынастарын дамытудың ықпалды механизмі болатынына сенім білдіруде. Қазақстандық тұтынушылар сәнді және сапалы тауарларды қосымша таңдау мүмкіндігін ала отырып, маңызды артықшылықтарға  ие болады, ал Russian Fashion Brands іскерлік іс-шарасы кезінде жасалған жаңа өзара тиімді келісімшарттар Қазақстан және Ресей ШОБ кәсіпкерлерінің ұстанымдарын нығайтады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив