«Астана су арнасы» МКК инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру бойынша пресс-тур

«Астана су арнасы» МКК инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру бойынша пресс-тур

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана су арнасы» МКК нысандары бойынша инвестициялық бағдарламаларды орындау және инвестициялық бағдарламаларды іске асырудан алынған кәсіпорын активтерін жаңғыртудың айқындығы мен ашықтылығы мақсатында Департаменттің сараптама кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз-турын өткізуге бастамашылық жасады. «Астана су арнасы» МКК басшылығы баспасөз-турының қатысушылары үшін жаңғыртылып жатқан нысандарға баруды ұйымдастырды, оның барысында инвестициялық бағдарламаны орындау туралы толық түсіндірмелер берілді.

«Астана су арнасы» МКК – қаланың коммуналдық меншігіндегі 1332 км сыртқы су құбыры желілерін және 806 км кәріз желілерін пайдаланушы кәсіпорын.

2016 жылдан бастап 2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы инвестициялық бағдарлама кезеңінде 6,5 млрд. теңгеге іс-шараларды орындау жоспарланды. Инвест бағдарламаның негізгі жобалары – тозған энергетикалық жабдықтарын ауыстыру, автоматтандыруды енгізу, ССС және КСС сорап жабдықтарын ауыстыру, су құбыры және кәріз желістерін қайта құру, жабдықтарды сатып алу.

2017 жылдың инвестициялық іс-шаралар 1,4, млрд.теңгеге немесе жоспардан 99%-ға жүзеге асырылды.  

2018 жылдың инвестициялық іс-шаралары бойынша 2018 жылғы 31 тамызға 479 млн. теңге немесе жоспардан 36% 1 329 млн. теңге сомасына төмендегілер жүзеге асырылды:

-        8 кәріздік сорап станцияларында (КСС) 50 млн.теңге сомасына 18 сорғылар ауыстырылды;

-        КСС 4 станцияларында тозған жабдықтардың орнына 25 млн.теңгеге күштік трансформаторлар орнатылды;

-        бекітілген 354 млн.теңге сомасына 4,5 шақырым су құбырлары қайта құрылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқталады, қыркүйек айына 2,2 шақырым жетілдіріледі.

- күз аяқталғанға дейін 373 млн. теңгеге 1,3 шақырым ұзақтығымен кәріз желістері бойынша СМР аяқталады, 0,4 шақырым орындалды.

-        қараша айында несиелік келісім - шарттың талаптарына сәйкес 116 млн.теңгеге су құбырлардың телеинспекция жүйелері орнатылды;

-        ауыз су сапасы бойынша лаборатория үшін желтоқсан айында 32 млн. теңгеге жасалған келісім шарттардың шеңберінде жабдықтар орнатылатын болады;

-        379 млн. теңгеге СКЕАЖ жүйесін енгізуді аяқтау, ағымдағы орындалуы  - 196 млн.теңге.

 

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу,

бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитет

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив