Медицина саласының кәсіподақтары әріптестік туралы келісімге келді

Медицина саласының кәсіподақтары әріптестік туралы келісімге келді

Соңғы уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «СЕНІМ» салалық кәсіподағы мен «Медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптамалау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы», соның ішінде «Медик» жергілікті кәсіподақ арасындағы қарсылықтар туралы ақпараттар жариялануда.  Қазақстанның Еңбек конфедерациясының Бас хатшысы Мұрат Машкенов мырза өз сөзінде кәсіподақтар мүшелерінің атынан құқық нормасына жатпайтын жұмыс істеу тәсілдері туралы айтады. Бұл өз кезегінде популизмге жатады. Аталмыш ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін және кәсіподақтар қатарындағы медициналық қызметкерлердің қазіргі әл-ахуалы жайында білмеуді көрсететіндігін атап өту қажет.    

2018 жылғы 14 қыркүйекте Астанада Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында «СЕНІМ» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ және «Медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптамалау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ арасында Өзара ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

«Сенім» кәсіподағы тарапынан құжатқа кәсіподақ төрағасы Сапарбек Дүйсенов, ал «Медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптамалау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» тарапынан Болат Давлетгалиев қол қойды.

Аталмыш кәсіподақтар алдында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің құқығын қорғауға қатысты ортақ мақсат пен міндеттер тұр. Атап айтқанда, еңбекақы, 7-20-25 тұрғын үй бағдарламасына медицина қызметкерлерін белсенді қатыстыру, алдағы медициналық ұйымдарды жекешелендіру бағдарламасына қатысты  медицина қызметкерлерінің мүдделерін қорғау мәселелері.

Осы мақсаттарға қолжеткізу үшін тараптар келесі келісімге келді:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметі, республикалық жұмысшылар бірлестіктері мен республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімнің табысты орындалуына жан-жақты қолдау көрсету.
  • Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі бірыңғай салалық комиссияның құрылуына қолжеткізу, оның құрамына «СЕНІМ» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ жұмысшылардың өкілетті уәкілі ретінде енгізу.
  • Кәсіподақтардың өзара ынтымақтастығы жөнінде тұрақты жұмыс істейтін Үйлестіру кеңесін құру, оған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің аясында денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау шаралары мен кәсіподақ туралы заңнаманы жетілдіру бойынша біріккен ұсыныстарды дайындау мақсатында әр Тараптың өкілдерін қатыстыру.
  • Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды сақтау және Салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар арқылы еңбек қатынастарын реттеу бойынша кәсіподақ активі мен кадрларды жалпы құқықтық оқытуды қамтамасыз ету мақсатында Салада ұйымдастырушылық және әдістемелік базаны дамыту бойынша біріккен шараларды қабылдау.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында кәсіподақ мүшелерінен денсаулық сақтау мәселелері бойынша, соның ішінде олардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласына қатысты түсетін шағымдар мен ұсыныстарды жедел түрде реттеуді қамтамасыз ету үшін «Кәсіподақтардың қоғамдық қабылдауы» айдарын бірігіп ұйымдастыру.

 

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив