«100 идея» жобасы бастау алды

«100 идея» жобасы бастау алды

Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, «Отырар» кітапханасында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерін талқылау туралы кеңейтілген сараптамалық отырысы өтті.

Шараға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» жетекші ғылыми қызметкері Ғ.Телебаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қабылданған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының менеджері Б.Атыбай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті мемлекеттік тарих институты директорының орынбасары А.Қашқымбаев және басқа да сарапшылар, белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері мен студент жастары қатысты. Жиынды саясаттанушы, қоғам қайраткері Кенжеболат Жолдыбай жүргізді.

Сондай-ақ, сарапшылар отырысында «Ел-шежіре» ҚҚ Білім және ғылым министрлігінің көтерген бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын жалпыреспубликалық «100 идея» жобасымен таныстырды. Аталмыш жобаны іске асыру студент жастар арасында Елбасының «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеологиялық платформасын таратуға бағытталған.

Жоба шеңберінде арнайы сайт пен әлеуметтік желі арқылы еліміздің барлық жастарының 100 үздік идеясы базасын жинақтауды қамтамасыз етпек. Бұл бастама негізінде «дөңгелек үстелдер», сараптамалық кездесулер, ашық дәрістер, көрмелер, форсайт-сессиялар, сондай-ақ «Студенттердің ең үздік 100 идеясы» республикалық конкурсын өткізу жоспарлануда.

«100 идея» жобасы жаңа көзқарастарды қалыптастыруға және уақыт талабына сай заманауи мәліметтер базасын құруға шақырады. Бұл мәліметтер базасы келешекте мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде жастар ұйымдарының іс-шаралар өткізу форматына ұсыным ретінде қолданылуы мүмкін, - деді жиында сөз алған  «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» жетекші ғылыми қызметкері Ғ.Телебаев пен Ақмола облысы Целиноград ауданы «Отан» ауылдық округінің әкімі Б.Ғадзиева жобаға ауылдағы жастарды тартуға бағыттауға байланысты ойларын ортаға салды.

Атап өтерлігі, отырысқа Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіннің  қатысқан студент жастар жобаға қолдау көрсететінің айтып, оған белсенді қатысуға ықыластарын білдірді.

 

Ә.Арғымбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив