Филиалдар мен басқа тұлғалар үшін салықты қалай төлеген дұрыс?

Филиалдар мен басқа тұлғалар үшін салықты қалай төлеген дұрыс?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бухгалтерлердің, бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты адамдардың, сот орындаушыларының назарына мынадай ақпаратты жеткізеді.

Салық кодексінің 36-бабына сәйкес, егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өз бетінше жүзеге асырады.

Бұл ретте төлем құжаттарын рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (Қағидалар) көзделген.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде жүргізілетін салық төлеушілердің жеке шоттарына төлемдерді тарату «төлемді жөнелтуші» төлем құжатының бөлігінде көрсетілген салық төлеушінің ЖСН/БСН нөмірлері бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

Қағидалардың 15-тармағына сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ өзінің оқшауланған бөлімшесі үшін әлеуметтік төлемдер төлеген кезде «төлем тағайындау» бағанында келесі ретпен БСН және міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің атауы, төлем мақсаты көрсетіледі.

Сондай-ақ Қағидаларда сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «төлем тағайындау» бөлігінде келесі ретпен төлем жүзеге асырылатын борышкердің ЖСН, оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе тегі мен аты-жөні, төлемнің мақсаты көрсетілетіні көзделген.

Осылайша, егер төлем құжатының «төлем тағайындау» бөлігінде басқа салық төлеушінің ЖСН/БСН нөмірі көрсетілген жағдайда, онда ақпараттық жүйеде төлемді тарату «төлемді тағайындау» бөлігінде көрсетілген салық төлеушінің ЖСН/БСН бойынша жеке шотқа жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, егер «төлем тағайындау» бөлігінде бірнеше ЖСН/БСН көрсетілсе, онда ЖСН/БСН «төлемді жөнелтуші» жолында көрсетілген салық төлеушінің жеке шотына таратылады.

Осылайша, салықтарды, бюджетке төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді аудару кезінде төлемді дұрыс аудару салық төлеушілердің төлем құжатын дұрыс рәсімдеуіне байланысты.

Мысалы, егер заңды тұлға құрылымдық бөлімше үшін салық төлейтін болса, «төлем тағайындау» бөлігінде құрылымдық бөлімшенің БСН-ын көрсетуі қажет. Егер олай көрсетілмесе, төлемді автоматты түрде таратқан кезде төленген сома құрылымдық бөлімшенің емес, заңды тұлғаның жеке шотында көрсетіледі.

Сол сияқты, сот орындаушысы салық бұйрығын орындау шеңберінде жеке тұлғадан өндіріп алынған салықтарды аударған кезде «төлем тағайындау» бөлігінде жеке тұлғаның ЖСН-ін де көрсетуі қажет. Бұл жағдайда жеке тұлғаның бір ЖСН-нен артық көрсетпеу қажет.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу қағидаларында төленген соманы бір салық төлеушінің жеке шотынан екінші салық төлеушінің жеке шотына аудару көзделмегеніне назар аударамыз.

Осыған байланысты, төлемдерді дұрыс есепке алу және артық төлем мен берешектің негізсіз сомаларының туындауын болдырмау мақсатында салық төлеушілер төлем құжаттарын дұрыс толтыруы тиіс.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив