Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру жөніндегі қызметі elicense.kz порталында қолжетімді

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру жөніндегі қызметі elicense.kz порталында қолжетімді

Elicense.kz порталында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі автоматтандырылды. Аталмыш қызметті жеке тұлғалар тегін ала алады.

Енді ҚР ДСМ 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық халық саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалаудан, білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен медицина қызметкерлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі.

Сертификат алуға өтініш беру үшін не қажет:

  • Сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
  • Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны);
  • Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
  • Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
  • Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта);

Маман сертификатын алу үшін пайдаланушы elicense.kz порталында электрондық өтінішті толтырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсету нәтижесі маман сертификаты түріндегі рұқсат құжаты және пайдаланушының «Қызметтер алу тарихы» модуліндегі «Жеке кабинетіне» жіберіледі. Өтініш бойынша бас тарту болған жағдайда дәлелді бас тартудың нәтижесі сақталады.

Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды. 

«ҰАТ» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив