Қазақстанда тұңғыш рет «Бәсекелестік құқық» бойынша магистрлер даярланды

Қазақстанда тұңғыш рет «Бәсекелестік құқық» бойынша магистрлер даярланды

М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «Бәсекелестік құқық» магистрлік білім беру бағдарламасы бойынша дипломдар табысталды. Алғашқы 10 түлек Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы М. Омаровтың қолынан өз дипломдарын алды.

М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев түлектерге құттықтау сөзінде осындай бағдарламалардың шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында да жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, бәсекелестік құқық саласында кадрлар даярлауда көрсеткен қолдаулары үшін әріптестеріне алғысын білдірді.

«Бәсекелестік құқық» магистрлік білім беру бағдарламасының мақсаты коммерциялық практиканың әртүрлі нысандарын жүзеге асыруда заңдылықты қамтамасыз ету саласында құзыреті бар маманның жаңа моделін қалыптастыру, мысалы: картельдік келісімдер, үйлестірілген бәсекелестікке қарсы әрекеттер, үстем компаниялардың мінез-құлқы, компаниялардың бірігуі және жұтуы. Біз бүгін Жоғары оқу орнымыздың қабырғасында Қазақстан Республикасында алғаш рет «Бәсекелестік құқық» мамандығы бойынша магистрлер шығарылатынына қуаныштымыз», - деді Талғат Нәрікбаев.

Бағдарлама 2022 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және Халықаралық бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат орталығы қолдауымен іске қосылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив