«ҚазМұнайГаз» Қазақстанда алғашқы болып көміртегі ізін азайту үшін «жасыл» сертификат сатып алды

«ҚазМұнайГаз» Қазақстанда алғашқы болып көміртегі ізін азайту үшін «жасыл» сертификат сатып алды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) парник газдарының (ПГ) жанама шығарындыларын азайту мақсатында I-REC (International Renewable Energy Certificate) халықаралық жаңартылатын энергия сертификаттарын сатып алып, 8,5 млн кВтсағ энергия құнын төледі. Бұл ҚМГ орталық аппараты 2022 жылы тұтынады деген электр энергиясына тең.

ПГ шығарындылар көлемі үшке бөлінеді. Біріншісі, Scope 1 (ағылш. scope – «ауқым, қамту аясы, шегі»), кәсіпорындар өндірісте бөлетін тікелей шығарындылар. Екінші түріне (Scope 2) энергия тұтынудан бөлінетін парник газдарының жанама шығарындылары жатады, мысалы, компания кеңсесі тұтынатын энергия (мұнда компанияның энергияны қандай көздерден алатыны маңызды: көмір станциялары, атом электр станциялары, ГЭС және басқалары). Ал үшінші түріне (Scope 3) компанияның қызметіне байланысты, бірақ оның тікелей бақылауынан тыс барлық басқа жанама шығарындылар жатады.

I-REC сертификаттары ерікті түрде беріледі және электр энергиясын жаңартылатын энергия (ЖЭК) көзі өндіргенін растайды. Сертификатта 1 МВт*сағ таза электр энергиясы, электр станциясының географиялық орны және электр энергиясын өндірген уақыт аралығы көрсетіледі. Олар The international RAC Foundation әзірлеген халықаралық стандарт бойынша шығарылады және бұл сертификаттарды GHGP, CDP, RE100, ISO және өзге де халықаралық ұйымдар мойындайды. I-REC сертификаттары бүкіл әлемде сатылады және 51 елде шығарылады.

I-REC сертификаттарын сатып алған компаниялар халықаралық тәжірибеге сәйкес, Scope 2 деңгейінде электр энергиясын пайдалану кезінде бөлінетін парник газдары шығарындыларын азайтқаны туралы мәлімдей алады. «Жасыл» электр энергиясын өндіруші компаниялар өз кезегінде «жасыл» сертификаттарды сату арқылы нарықта қосымша қаржылық қолдауға ие болады.

«ҚазМұнайГаз» еліміздегі өңірлердің бірінде орналасқан күн электр станциясы үшін шығарылған сертификаттарды сатып алды. Бұл – Қазақстан үшін алғашқы тәжірибе. Жаңартылатын энергияға сертификат беретін халықаралық платформа Қазақстанда жұмысын биыл бастады. I-REC сертификаттарының эмитенті – ECOJER қауымдастығы. Ол I-REC-ке тіркелуші компаниялардың есебін жүргізеді, электр энергиясының жаңартылатын энергия көздерінен келетінін растайтын құжаттарын тексеріп, тіркелген компаниялардың өтініші бойынша сертификат шығарады.

«ҚазМұнайГаз» «жасыл» сертификаттарды сатып алу арқылы компанияның тұрақты даму мен ESG қағидаттарына берік екенін, жаңартылатын энергия көздеріне қаржылай қолдау көрсете отырып, көміртегі ізін азайту бойынша қабылдаған корпоративті бағдарламасын біртіндеп жүзеге асырып жатқанын көрсетеді.

Анықтама үшін:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«I-REC» туралы

The international RAC Foundation (I-REC Standard) ұйымы – жасыл атрибуттарды бақылау үшін сенімді халықаралық стандартты ұсынатын коммерциялық емес ұйым. I-REC Стандарты парник газдар хаттамасы (Greenhouse Gas Protocol немесе GHGP), Carbon Disclosure Project (CDP) және RE100 сияқты негізгі есеп беру жүйелерінің сенімді және дәйекті бақылау құралдарының негізі ретінде танылған. Тиісінше, I-REC сертификаттары осы стандарт негізінде шығарылады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив