Астаналық әйел жұбайының балағат сөзіне байланысты полицияға жүгінді

Астаналық әйел жұбайының балағат сөзіне байланысты полицияға жүгінді

Учаскелік полиция инспекторлары үшін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы жанжалдар туралы шағымдар ең көп таралған өтініштердің бірі болып табылады.

Елорда аумағында өтіп жатқан "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Республика даңғылындағы үйдің тұрғыны күйеуінің мас күйінде өзін дұрыс ұстамағаны және балағат сөздер айтқаны туралы шағым түсірді. Белгілі болғандай, бұл ерлі-зайыптылар арасында болған алғашқы жанжал емес. "Байқоңыр" ауданының учаскелік полиция инспекторы Б. Намазбаев ер адамға қатысты қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 461-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Бұған дейін 35 жастағы жанжалқойға қатысты бір ай мерзімге қорғау ұйғарымы берілген болатын. Оның аяқталуына бірнеше күн қалған, бірақ әйел қайтадан полицияға күйеуінің жанжал шығарғаны туралы жүгінді.

Сот қаулысына сәйкес өтініш берушінің жұбайы кінәлі болып танылғаны туралы шешім қабылданып, ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Егер сіз отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, 102 арнасына немесе 71-60-63 (жұмыс уақытында) нөмірі бойынша Астана қаласы ПД әйелдерді қорғау жөніндегі бөлімшесінің сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив