«Ақсақалдар ақылы»: Ақтөбеде ҚАЖ сала ардагерлері жас қызметкерлерге ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті

«Ақсақалдар ақылы»: Ақтөбеде ҚАЖ сала ардагерлері жас қызметкерлерге ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесінің сала ардагерлері қоғамының төрағасы ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімімен бірлесіп, «Ақсақалдар ақылы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Тағылымға толы кездесу іс- шарасында еңбек жолын жаңадан бастаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлеріне сала ардагерлері ақыл-кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Шараны ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Руслан Уразбаев және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ ардагерлер қоғамының төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов қызметке жаңа кіріскен қызметкерлердің кәсіби қызметте бейімделуінде тәлімгерлер институтының орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Жас келсе, іске» дегендей, соңғы кездері жеке құрамның қатары жас қызметкерлермен толығып жатқаны қуантатынын және жас қызметкерлер мен сала ардагерлері арасында тұрақты түрде ұйымдастырылып келетін спорттық- мәдени іс- шаралардың маңызы зор екендігін айтты. 

ҚАЖ саласы қызметкерлерінің азаматтық- құқықтық дүниетанымын жолға қойып, қазақстандық патриотизмді дамыту керектігін баса әңгімелеген Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бақытжан Илюпов, жас мамандардың біліктілігін арттыруда тәлімгерлік кездесулердің маңызы зор екеніне тоқталып, жас буынға уақыттарын бөліп келген сала ардагеріне алғыс білдірді. 

Басқосуда еңбек еткен жылдарындағы естеліктерімен бөліскен құрметті зейнет демалысындағы ҚАЖ саласының ардагерлері жас мамандарға аянбай еңбек етіп, үнемі ізденісте жүру керектігін және тынбай еткен еңбек түбінде жемісін беретінін баса айтты. 

«Қарттарды құрметтеу кейінгі ұрпақтың парызы. Өйткені бұл қарттар да кезінде жас болды, еліне еңбегін сіңірді. Құрметті зейнеткерлікке жеткен шақтарында оларды ұмытпай, әркез елеп, департаментте өтетін мәдени- спорттық шараларға шақыртып, көңілін аулай білу де кісілік. Бұл біздің жүрегімізге жылулық сыйлайды.

Бізге осындай құрмет танытып, департаментпен байланысты үзбеуге жетелеп келетін ардагерлер қоғамына алғысымыз шексіз»,- деген 75 жастағы ҚАЖ саласының ардагері Асылбек Қуанов, сала ардагерлері мен жас қызметкерлер арасында осындай кездестіру іс- шаралары жиі ұйымдастырылып тұрса аға буынның жас мамандардың күнделікті қызметте кез болатын өзекті мәселелерін шешуге, жол көрсетуге «ақсақалдық» ақылдарын айтып, жол көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. 

Шара соңында ҚАЖ ардагерлері жас қызметкерлердің қойған сауалдарына жауап беріп, жас қызметкерлердің мемлекеттің және халықтың мүдделерін абыроймен және намыспен қорғауларына сәттілік тіледі. Тағылымды іс- шара «Қарттар күні» қарсаңында ұйымдастырылды. 

Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесі қоғамының ұйымдастыруымен ҚАЖ қызметкерлері осы салада еңбек еткен сала ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Халықаралық қарттар күнінмен құттықтап барып, бірінші кезекте тұтынылатын азық- түліктер жеткізіп беріп, ардагерлерге сый-құрмет көрсеткен болатын. 

Гүлфайруз Төремұратова,

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив