«Есірткісіз қала. Берекелі ел»

«Есірткісіз қала. Берекелі ел»

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Қазақстанның болашағы бүгін – біздің сөзімізбен ісімізде, ниетімізбен ісімізден туады». Бұл ретте Елбасы биылғы жылы ішкі істер органдарының есірткі қылмысымен күресудегі қызметін жандандыруды тапсырды.

Ұлт болашағы – біздің өскелең ұрпақ.

        Синтетикалық есірткінің қазіргі мәселесі бүкіл қоғамды алаңдатып отыр, өйткені олардың құны есірткінің «дәстүрлі» түрлеріне қарағанда бірнеше есе арзан және олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы сатылады, бұл мемлекеттің, ел экономикасы және оның тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді

Елордадағы нашақорлық жағдайын талдау жоғары концентрацияланған есірткілерді тұтынудың өсуі біздің тұрғындардың нашақорлық деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді, бұл еліміздің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін төмендететін негізгі фактор болып қала береді.

        Осы бағытта қала прокуратурасы Елордада нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы күреске бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарын үйлестіру бойынша жұмыстарды жүргізуде, оның ішінде олардың қазіргі заманғы есірткі қылмысының себептері мен жағдайларын, таралуын және оларды залалсыздандыру мүмкіндіктерін анықтау мәселелері жүргізіліп жатыр.

Жағдайды тұрақтандыру мақсатында қылмыстық қудалау органдары нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспары аясында біршама жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, мұндай қауіптерді анықтау және залалсыздандыру бойынша ақпараттық-талдау жұмыстары бойынша ведомстволық жұмыстар күшейтілді.

Сонымен, биылғы жылдың өткен кезеңі үшін заңсыз айналымнан 246кг. 881гр. есірткінің әртүрлі түрлері тәркіленді.

Елорда аумағында «есірткінің синтетикалық түрлеріне» қатысты есірткі қылмысының 133 фактісі анықталды, атап айтқанда, 4 (төрт) есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.

Осы бағытта құқық бұзушылықтың осындай түрлерінің алдын алуға бағытталған бұқаралы ақпарат құралдарында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оның ішінде әлеуметтік желілерде (оқшаулаға 66 сайт мекенжайы жіберілді), жарнамалық акциялар, семинарлар, лекциялар, кездесулер, спорттық іс-шаралар, жарыстар және басқа да іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қорытындылай келе, астанамыздың тұрғындарын нашақорлық пен есірткі қылмысымен күресте бірігуге шақырамын. 

Астана қаласы прокуратурасының

қылмыстық қудалау Басқармасының басшысы

Н.А. Тойчубеков

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив