Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі «Электрондық шот-фактуралар» жүйесімен біріктірілді

Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі «Электрондық шот-фактуралар» жүйесімен біріктірілді

2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Электрондық шот-фактуралар жүйесінде сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарларға ТІЖ (тауарларға ілеспе жүкқұжаттар) беру функционалдығы қолжетімді болды. Жүйелерді интеграциялау «электрондық үкімет» арқылы жүзеге асырылады.

Пайдаланушының Қазақстан аумағында тауарларды өткізу үшін де, ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу үшін де таңбаланған тауарларға ілеспе шот-фактураларды ресімдеуге мүмкіндігі бар.

ТІЖ толтыру кезінде «Сәйкестендіру әдісімен таңбалауға жататын тауарлар туралы деректер» бөліміндегі жолдар қабылдау-тапсыру актісінен/ЕАЭО импорты туралы хабарламадан алынған деректермен автоматты түрде толтырылатынын атап өткен жөн, оны өңдеу мүмкіндігі жоқ.

Таңбаланған тауарларға ТІЖ растау/қабылдамау кезінде оның жеткізушісі, алушысы, тұтыну пакетінің өнім коды (GTIN), тұтыну пакеттерінің саны, құжаттың тіркеу нөмірі мен күні, сондай-ақ, тауар күйінің өзгеруі туралы деректер тексеріледі.

ТІЖ-бен жұмыс істеу туралы толық ақпаратты ҚР ҚМ МКК сайтындағы ЭШФ АЖ пайдаланушы нұсқаулығынан таба аласыз  https://kgd.gov.kz/ru/content/okumenty-po-esf-1

Естеріңізге сала кетейік, міндетті түрде енгізілетін цифрлық таңбалауға темекі өнімдері (2020 жылдың қазан айынан бастап), аяқ киімдер (2021 жылдың қарашасынан бастап) жатады, қазіргі кезде дәрілік заттарды кезең-кезеңімен цифрлық таңбалау енгізілуде. Толық ақпаратты алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://markirovka.ismet.kz/

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметі

Баспасөз хатшысы Алтынгүл Жанабай

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив