ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИССИЯСЫНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИССИЯСЫНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық әкімдікте өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында Қостанай жолдарының мәселесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменттің бастамасы бойынша талқыланды.

Ресми деректер бойынша облыста 9 мың шақырымнан астам автожол бар. Бұл салаға мемлекет соңғы 5 жылда 175 млрд теңге бөлді. Әзірге жолдардың тек 78% - ы қанағаттанарлық жағдайда.

Сонымен қатар, сараптамадан өткен салынып жатқан және жөнделіп жатқан бірқатар жолдар МЕМСТ талаптарына жауап бермейді. Бұған жол активтері сапасының ұлттық орталығының аралық сараптамалық зерттеулері дәлел.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Алмас Амановтың айтуынша, автожол саласындағы негізгі проблемаларды жосықсыз мердігерлердің мүдделерін қолдау және сапасыз жұмыстарды қабылдау деп санаған жөн.

Автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту кезінде конкурстық құжаттама нақты жеткізушілерге бейімделеді. Нәтижесінде жолдар бойынша жұмыстардың негізгі көлемі "бір қолда" тұр.

Бұл мердігерлер жеткілікті техника мен ресурстарға ие болмай, жұмыс мерзімінде тапсыра алмайды, бұл олардың тұрақты ұзартылуына және сапасыз жұмыстардың қабылдануына әкеледі.

Мысал ретінде "Әулиекөл-Жалдама" жолын келтірді, кезекті жөндеу жұмыстары 2021 жылдың наурыз айында басталып, 2022 жылға дейін ұзартылды.

Жолдың осы учаскесінде іріктелген керндердің 90% - ы, жол активтері сапасының ұлттық орталығы сарапшыларының деректері бойынша, қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

"Амангелді – Үрпек-Рахмет-Әліби", "Шұбалан-Қарасу", "Арқалық-Ашутасты-Шиелі" автожолдары бойынша да жағдай осындай, жөнделген учаскелерде көп ұзамай шұңқырлар мен кедір-бұдырлар пайда болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша, жолдардың сапасын тексеру үшін қаражат бөлудің жеткіліксіздігі мәселесі ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл құрылыс кезеңдерін бақылау үшін қажет.

Мысалы, "Ашутасты-Шиелі" жолын салу кезінде 2022 жылы 13 сынама алынды, оның 10-ы нормаларға сәйкес келмейтінін талдау көрсетті, алайда әкімдік тарапынан қаржыландырудың болмауына байланысты бақылау сынамалары жүргізілген жоқ.

 

 

 

Бұл ретте заң бойынша жолдар ұлттық орталықтың оң қорытындысынсыз қабылдана алмайды. Алайда, сапасыз жолдар әлі де қабылдануда.

2022 жылы жол активтері сапасының ұлттық орталығы 654 жоспарлы шығу барысында сәйкессіздіктерді анықтады. Алайда, бақылау сараптамасы үшін тек 18 шығу жасалды, яғни жалпы көлемнің тек 3% - ы ғана.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жолдардың сапасына сараптама жасауға қаражат іздестіруді және оң сараптамалық зерттеусіз жолдарды қабылдамауды тапсырды.

Ол барлық жөнделген жолдарға тексеру жүргізіп, сапасыз құрылыс кезінде, оның ішінде кепілдік мерзімі бар жолдар бойынша ақауларды түзетуге қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар, өңір басшысы мемлекеттік сатып алуларға қатысып, жеңіске жетіп жатқан бір реттік компаниялардың мәселесіне назар аударды. Көбінесе мұндай компаниялар басқа өңірлерден келеді, қажетті техника паркі жоқ, бұл ретте техникалық құжаттаманың барлық тізбесін көрсетеді және қосалқы мердігерлікке береді. Осының барлығы жергілікті органдарға ауыр жүк тиеп, ең бастысы автожолдардың сапасына кері әсер етеді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Серікжан Мырзалы аталған жұмыс "Әділдікті талап ет!" атты республикалық іс-шара шеңберіндегі, Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының сарапшыларын, мемлекеттік аудит және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мамандарын тарта отырып, "Әділ жолы" қоғамдық бірлестігімен бірігіп ұйымдастырылған бастама екендігін айтып өтті.

Оның басты міндеті - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, яғни бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуының алдын алу және құрылыс кезеңінен бастап сапалы жолдармен қамтамасыз ету.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімдеріне және облыс әкімдігінің бейінді басқармаларына жолдардағы ақауларды жою, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын және бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұл жұмыс жалғасуда, нәтижелері жұртшылыққа жеткізіледі.

СЖҚІА Қостанай облысы бойынша департаметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив