Өңдеу өнеркәсібі апталығы шеңберінде «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау» сессиясы өтті

Өңдеу өнеркәсібі апталығы шеңберінде «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау» сессиясы өтті

2022 жылғы 22 қыркүйекте «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «Өңдеу өнеркәсібі апталығы» шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің, сондай-ақ отандық АТ-компаниялар қызметкерлері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау» сессиясын өткізді.

Қатысушылар ұйымдардың цифрлық технологияларды енгізу деңгейін, цифрлық жобаларды дамыту мәселелерін, жобаларды енгізу жағдайында кәсіпорындар тап болған қиындықтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындар тарапынан сұранысты және отандық IT-нарықтың ұсыныстарын, цифрлық жобаларды енгізу кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың ақпараттық қауіпсіздігін талқылады.

Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау сессиясын Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков ашты. Ол мемлекеттің тиімді экономикасын қалыптастыру үшін цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтті.

«Индустрия 4.0 әрбір өндіріс саласы үшін маңызды. Ол деректерді жинайтын, оңтайландыратын және орналастыратын озық өндіріс технологияларын қамтиды. Индустрия 4.0 технологиясының артықшылықтарын түсінген кәсіпорындар жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру үшін жақсы жағдайда болады», - деп атап өтті вице-министр.

QazIndustry Басқарма Төрағасы Берік Бекенов өнімнің тиімділігін, икемділігі мен сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік беретін жаңа мүмкіндіктер үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялаудың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Біз кәсіпорындардың бизнес-процестерінің аудитінен бастап, ұсынымдар әзірлеуден, АТ-шешімдерін іздестіруден, мемлекеттік ынталандыру шараларын алу ұсыныстарынан бастап және цифрлық жобаларды түпкілікті енгізуге дейінгі жұмыстардың барлық кешенін қамтитын кәсіпорындар үшін цифрлық стратегияларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізудеміз», - деді акционерлік қоғам басшысы.

Сондай-ақ, сессия қатысушылары цифрлық трансформация құралдарын қолданудағы өнеркәсіптің өзекті мәселелерін, өндірістік процестерді автоматтандыру үшін әлеуетті тапсырыс берушілер мен цифрлық шешімдерді жеткізушілер арасында тікелей B2B байланыстарды қалыптастыруды мәселелелерін талқылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив