«Kásipodaq baģy» - кәсіподақ ардагерлері мен жастардың бірлескен жобасы

«Kásipodaq baģy» - кәсіподақ ардагерлері мен жастардың бірлескен жобасы

Петропавлда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен «Kásipodaq baģy» экологиялық кәсіподақ жобасы жүзеге асырылуда. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ қозғалысы ардагерлерімен және кәсіподақтың жас мүшелерімен бірге кәсіподақ саябағында жыл сайынғы шырша отырғызу акциясына қатысты.

 «Kásipodaq baģy» жобасы екі жыл бұрын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Жолдауында жүктеген 5 жыл ішінде орман қорына 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу және елді мекендерде 16 млн ағаш отырғызу міндетін жүзеге асыру мақсатында Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен қолға алынған болатын. Петропавлдағы «Kásipodaq baģy» қазіргі Тұңғыш Президент саябағының аумағында 3,17 га аумақта орналасқан.

«Жобаның мақсаты – еңбек ұжымдарының мүшелерін экологиялық мәселелерді шешуге тарту. Саябақты абаттандыруға атсалысқан еңбек ұжымдары егілген шыршалардың сақталуына жауапкершілікпен қарады. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері «Kásipodaq baģy» жобасын қолдайды, оның өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мақсатында құрылып жатқанын түсінеді және Петропавл қаласының экологиясын дамытуға үлес қосады», - дейді аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің маманы Жанат Жұмабек.

Осы уақытқа дейін кәсіподақ жастары мен ардагерлердің бірлескен акциясы барысында «Kásipodaq baģy» үш аллеясына 105 сібір шыршасы отырғызылды. Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің айтуынша, осындай әрбір акция жас ұрпаққа қамқорлық, кәсіподақ ұйымы мүшелерінің, қарттар мен жастардың қарым-қатынасын нығайта түсетінін айтады.

Кәсіподақ қозғалысының ардагері Валерий Станиславович Лопатко өмірінің 40 жылын өз аймағындағы кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға арнаған, ол кісі ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамаларының өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

 «Ардагерлер атынан кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділерге осындай жобаны жүзеге асыруға қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Бүгінгі жоба тек экология ғана емес, ұрпақтар бірлігін, жалпы халықты тәрбиелеу болғандықтан, біз, ардагерлер, Кәсіподақтар федерациясының инновациялық іс-әрекетіне тәнті болдық. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауында бекітілген әділеттілік идеясы кәсіподақтардың қызметіндегі басты идея деп есептеймін, өйткені біз (кәсіподақтар) сияқты әлеуметтік және еңбек қатынастарында әділдік үшін ешкім күреспейді», - деді Валерий Лопатко.

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ардагерге жылы лебізі үшін алғыс айтып, кәсіподақ ардагерлерінің жұмысшы жастарды тәрбиелеудегі және кәсіподақ қозғалысының негізгі қағидаларын сақтаудағы рөлін атап өтті.

«Құрметті ардагерлер, бүгінде ел еңбеккерлеріне лайықты жағдай жасау және еңбекақы төлеу жөніндегі бастамаларды сенімді түрде ілгерілетуге мүмкіндік беретін іргетасын сіздер қаладыңыздар. Кәсіподақ акцияларына қатысу арқылы сіз болашақ ұрпаққа қамқорлық танытасыз. Екі жыл бұрын біз ел басшылығының бастамаларымен үндесіп, Еңбек адамына қатысты шынайы әділ шешімдер қабылдау жолында кәсіподақ мүшелерінің аға және жас буын өкілдерін біріктіретін «Әділеттілік пен дамуға - бірлікте» Стратегиясын қабылдадық. Біз бірлесіп әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілетуді жалғастырамыз», - деді Сатыбалды Дәулеталин «Kásipodaq baģy» акциясына қатысушыларға.

Ал, қазірдің өзінде еліміздің екі облысында – Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кәсіподақ саябақтары құрылуда. Жоба Маңғыстау және Қостанай облыстарында әзірленуде. «Kásipodaq baģy» экологиялық жобасы тұрақты, сондықтан алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табатынына ҚР Кәсіподақтар федерациясы сенімді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

 

                

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив