Сотталған: « Қызым құлағыма қатты сағындым әке деп сыбырлады»

Сотталған: « Қызым құлағыма қатты сағындым әке деп сыбырлады»

Қызылордада ҚР қылмыстық  кодекстің 188-1-бабымен сотталған ( мал ұрлау) 34 жастағы азамат отбасымен кездесті. Кездесуге анасы мен екі баласы келді. Анасының айтуы бойынша, әйелі жетінші перзентін дүниеге әкеліп, перзентханада жатыр екен. Сондықтан әйелі емес, анасы келген. Балаларын әбден сағынған әке оларды кезек-кезек құшағына қысып, көз жасын көпке дейін тия алмады. Жүрегі сағынышқа толы көп балалы әке алдымен бес жастағы қызын баурына құшты. Сонан соң, ұлын сүйіп, анасымен амандасты. 

-          Бүгін кездесуге екінші ұлым мен кіші қызым келді. Қызым қатты сағынып қалыпты. Мойнымнан құшақтап жіберер емес. Бұдан үш жыл бұрын сотталып жатқанда  қызым небәрі екі жасқа да толмаған, енді талпынып жүретін болатын. Бүгін міне, бойы өсіп, ес тоқтатып қалыпты. Құлағыма сыбырлап « Әке, сізді қатты сағындым» дейді. Еріксіз көзіме жас келді. Өзімнің жасаған қылмысыма өкіндім. Балаларымның мені сағынып, мұнда келгені де жаныма батты. Бір өкініш, бір қуанышы аралас өмірғой бұл. Бүгін әйелім, жетінші баламызды дүниеге әкеліп, перзентханаға түсіпті.Ұл босаныпты. Ұзақ мерзімді кездесу мен төртінші ұлымның туылғаны қатар келіп, кеудемді қуаныш кернеп тұр. Анамның дайындап әкелген тіл үйірер тамағын жеп, ауылдағы ағайын- туыстың әңгімесін сұрап білемін. Ұлым мен қызымның бал қылықтарын тамшалап, екі күн баурыма алып жатамын - деген ойымен бөлісті сотталған.

Бұл № 68 тергеу изоляторындағы жыл басынан бергі мекеме бастығының рұқсатымен, балаларымен өткізуге берілген сегізінші ұзақ мерзімді кездесу. Туыстарын, әсіресе ұл- қыздарын көргеннен соң, мұндағы кез- келген сотталған жақсы, көтеріңкі көңіл күйде қалады. Өйткені, балалары олардың болашағы. Балаларын көріп, бостандыққа шығуға деген талпыныстары артып, жақсы мінез - құлықта жүреді. Сол себепті, де біз сотталғандарды өмірге қайта тәрбиелеу мақсатында, туысқандармен байланысын үзбей отырамыз – дейді, АКАӘПТЖБ- нің бастығы, әділет капитаны А.Тұрманов.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив