ҚМГ басшысы ПМХЗ-да дизель отынына қатысты жиын өткізді

ҚМГ басшысы ПМХЗ-да дизель отынына қатысты жиын өткізді

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев тамыздың 27-і күні Павлодар мұнай-химия зауытына (бұдан әрі – ПМХЗ) жұмыс сапарымен барды.

Павлодардағы жиында ішкі нарықты дизель отынымен (ДО) қамтамасыз ету және оны ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарынан жөнелту бойынша ағымдағы жағдай талқыланды. Жұмыс бабындағы кездесуге ҚМГ, ПМХЗ басшылығы, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов және жанармай құю станцияларының (ЖҚС) бөлшек сауда желісінің өкілдері қатысты.

ҚМГ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқанын хабарлады. Үш ірі МӨЗ-дің 2022 жылға арналған мұнай өңдеу жоспары 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 1 млн тоннаға ұлғайды. Осылайша, биыл ҚМГ 17 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді. Бұл ретте, зауыттар ең жоғары қуатында жұмыс істеп тұр, соған орай жабдықтардың техникалық жағдайы тәулік бойы бақылау жүргізуді талап етеді.

Сонымен қатар ЖҚС өкілдерінің айтуынша, бүгінде ішкі нарықта дизель отынына шамадан тыс жоғары сұраныс байқалады. Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда дизельге үлкен сұраныстың есебінен соңғы жылдары Қазақстанда дизель отынын тұтыну көлемі өсуде. Бұл осы мемлекеттерден транзитпен өтетін ауыр жүк автомобильдерінің жанармайды құйып әкетуі салдарынан болып отыр, тіпті дизель отынын контрабандалық жолмен әкету мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Мұның бәріне шекаралас елдермен дизель отынына бағаның диспаритеті әсер етеді.

Отандық ЖҚС өкілдері атап өткендей, Қазақстанда дизель отынының бөлшек саудадағы құны ресейдікінен 1,5 есе арзан. Айталық, 2022 жылдың тамызында ресейлік ЖҚС-те дизель бағасы литріне 429 теңге болса, Қазақстанда литріне 238 теңге болды. Нәтижесінде бағасы арзан қазақстандық отын шекаралас аймақтарға кетіп, көрші елдердің нарығын субсидиялайды. Ішкі нарықтағы жанар-жағармай материалдарының ағымдағы ұсынысына Қазақстан мен Ресейге Орта Азия елдерінен ауылшаруашылық және жеміс-көкөніс өнімдерінің белсенді тасымалдануы қосымша қысым көрсетеді.

А.Қайрденовтың мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасында 2020 жылмен салыстырғанда дизель отынын ағымдағы тұтыну көлемі кемінде 800 мың тоннаға өседі. 2020 жылы бұл көрсеткіш 4,7 млн тонна болса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 5,5 млн тонна болады деп күтіледі.

ҚМГ басшысы М.Мырзағалиев жұмыс жиынын қорытындылай келе, алдағы күзгі дала жұмыстары кезінде ел нарығына дизель отынын тұрақты сатуды қамтамасыз етіп, ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарының апатсыз жұмысын және 2022 жылға арналған өндіріс жоспарының орындалуын бақылауға алуды тапсырды. Бұдан бөлек, мұнай өңдеу зауыттарынан жанармайды үздіксіз жөнелту үшін вагон мен локомотивтерді уақтылы беру бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен өзара іс-қимылды күшейту қажет. М. Мырзағалиев мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында Шымкент МӨЗ-нің жоспарлы жөндеу жұмыстары биылдан келесі жылға шегерілгенін де айтты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив