«ҚазМұнайГаз» басшысы Бакуде SOCAR президентімен кездесті және Батумиде компанияның активтерін аралады

«ҚазМұнайГаз» басшысы Бакуде SOCAR президентімен кездесті және Батумиде компанияның активтерін аралады

Тамыздың 15-і «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Баку қаласына жұмыс сапары аясында Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровшан Наджафпен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде Транскаспий инфрақұрылымын дамыту бағытында компаниялар арасындағы өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

Тамыздың 16-ы күні М.Мырзағалиевтің жұмыс сапары Батуми қаласында жалғасты. Ол Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз портының жұмысымен танысты.

2008 жылы ҚМГ-ның еншілес компаниясы – «ҚазТрансОйл» АҚ Батуми мұнай терминалының (БМТ) активтерін сатып алған. Батуми терминалы Батуми теңіз портын 2055 жылға дейін басқару құқығына ие. БМТ компаниялар тобының 2021 жылдағы пайдасы 2,5 млрд теңгеге жуық болды.

Атап өте кетейік, терминал Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Грузия және басқа да елдердің клиенттеріне мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу, соның ішінде құю, жинақтау және танкерлерге тиеу қызметтерін көрсетеді. Порт құрғақ, үйінді және бас жүктерді ауыстырып тиеу, сақтау және қоймалау қызметтерін, сондай-ақ кемелер мен басқа да көлік құралдарына да қызмет көрсетеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив