Елордалық полицейлер

Елордалық полицейлер "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында құқық бұзушылықтың жолын кесуді жалғастыруда

Елордада 08 тамыз бен 08 қыркүйек аралығында қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Учаскелік инспекторлар өздерінің қызмет көрсету нысандарының қылмыстық жағдайын зерттеу үшін аулаларды және пәтерлерді аралайды. Жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындары қоғамға жат іс-әрекеттер мен қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін тексеріледі.

Бұдан басқа, ІІО-ның алдын-алу есебінде тұрған адамдарға қатысты да тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі.

Мәселен, "Алматы" ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы пробация қызметінің инспекторымен бірлесіп, жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде келмеген, тұрғылықты жерін өз еркімен тастап кеткен сотталушыға қатысты бастапқы іздестіру іс-шарасын жүзеге асырды.

Құқық қорғау органдары оның байланыстары мен ықтимал орналасқан жері туралы мәліметтерді немесе сотталушыны іздеуге ықпал етуі мүмкін басқа да деректерді білуі мүмкін азаматтарға сауалнама жүргізді.

Әйел тұрақты тұратын жері жоқ адамдардың қасынан табылған. Қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, есепке қою үшін инспекцияға келмегені үшін жауапкершілік туралы ескертумен профилактикалық сипаттағы әңгіме өткізілді. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемелерде ем қабылдауда.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 6 200-ден астам тұрғын үй алабын аралау жүргізілді. Тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған 2 176 тұлға тексерілді.

4 500-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ұсақ бұзақылық үшін 454 азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 816 тұлға, тыныштықты бұзғаны үшін 460-қа жуық тұлға жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив