«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ спартакиадасы аяқталды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ спартакиадасы аяқталды

Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) еншілес компанияларының еңбек ұжымдары арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Мұнайшылардың спорт додасы ҚМГ 20 жылдығы мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына арналды.  Тамыздың 8-11 күндері өткен спартакиадаға 20-ға жуық еншілес кәсіпорыннан іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 400-ден астам спортшы қатысты. Жарыс үстел теннисі, үлкен теннис, шахмат, волейбол, баскетбол, жүзу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика тәрізді спорттың тоғыз түрінен өтті.

«Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 100 жыл және ҚМГ-ның 20 жылдығына орай өткен спартакиадаға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын. Сіздер еңбекте де спортта да жеңіс туын көтеріп, жастарға үлгі көрсетіп жүрсіздер. Бұл біздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін үлкен мақтаныш! Барлық қатысушыларға ҚМГ Басқарма төрағасының, еңбек ұжымының және жеке өз атымнан алғыс білдіремін, - деді спартакиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысқан ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев.

Жеңіске жеткен командалар мен қызметкерлерге медаль, диплом және кубоктар табыс етілді.

Сондай-ақ, спартакиада аясында ҚМГ құрамасының еліміздегі атақты «Қайрат» футбол клубымен өткізген футзалдан жолдастық кездесуі өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Wallace 28 сентября 2023 18:48

    We're a gaggle of volunteers and opening a brand new scheme in our community.
    Your site offered us with useful information to work on. You have performed an impressive job and our whole neighborhood will likely
    be thankful to you.

    Here is my site :: comprar glustin en Mónaco

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив