Қазақстандықтар зейнетке шығу мәселесіне белсенді түрде қызығушылық танытып жатыр

Қазақстандықтар зейнетке шығу мәселесіне белсенді түрде қызығушылық танытып жатыр

Зейнетке шығу мәселесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына келіп түсетін ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтардың бірі екенін білдіреміз. 2022 жылдың басынан бастап байланыс орталығының операторлары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша  414 923 сұраққа жауап берді, бұл барлық өтініштердің 80 пайызы болады. Тізімде Алматы көш бастап тұр – 59 179 (14,2%), одан кейін Нұр – Сұлтан – 48 440 (11,6%), Шымкент – 29 466 (7,1%), Түркістан облысы – 38 322 (9,2%) және Алматы облысы –32 320 (7,7%). Бұл мәселелер СҚО – 3 903 (0,9%), Қостанай – 7 393 (1,7%) және Ақмола – 9 394 (2,2%) облыстарында аз қызығушылық тудырған. Байланыс орталығы мына бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер. Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдайды. Клиенттер үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Тelegram-арнада, сондай-ақ Instagram, Faceboоk желісінде, Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялайтын боламыз.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Cortez 27 октября 2023 14:37

    Hello to every one, for the reason that I am actually eager of reading this weblog's post to be updated regularly.

    It contains fastidious material.

    Check out my blog - Bernardo

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив