Елорда тұрғындары полицейлерге алғыс білдірді

Елорда тұрғындары полицейлерге алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне тәртіп сақшыларының адал және қажырлы еңбетері үшін жергілікті тұрғындардан көптеген алғыс хаттар келіп түседі. Соның ішінде Тергеу басқармасының қызметкерлеріне келіп түсетін хаттар да аз емес.

Жуырда елордалық Полиция департаментіне қала тұрғыны Қайдар Батырдан алғыс келіп түсті. Өз хатында  тергеуші Бақдәулет Мақсатұлына аса ауыр санаттағы қылмыстық іс болуына қарамастан, істі әділ әрі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолданып, қажетті тергеу амалдарын өз уақытында жүргізіп, қылмыстық істі сотқа жолдағаны үшін алғыс білдірді.

Тергеу саласында қызмет атқарып жүргеніне алты жыл толған Бақдәулет, осы кезге дейін де бірнеше қылмысты ашып, халықтың алғысына бөленіп жүрген полицей. Тағы бір елорда тұрғыны Шаттық Мәдениет те елордалық Департаменттің Тергеу басқармасының тергеушісі Б.Мақсатұлына, сонымен қатар бөлім басшысы Ринат Жұмахметовке сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп, істі соңына дейін апарғандары, функционалдық міндеттеріне адалдығы мен сауатты іс-әрекеттері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хат жолдаған.

Тәжірибелі тергеушілердің қызметтеріне риза болған тұрғындар олардың құрметке лайық екенін атап өтіп, барлық тергеу қызметкерлдеріне де алғысын білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив