Қазақстанда мүлік кепілін бес минутта шешуге болады

Қазақстанда мүлік кепілін бес минутта шешуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Отбасы банкімен» бірлесіп Blockchain технологиясының көмегімен мүлік кепілін шешу бойынша жобаны енгізді. Көбінесе қазақстандықтар банктен несиені өз мүлкін кепілге қою арқылы алады. Несие өтелгеннен кейін кепілде тұрған мүліктен ауыртпалықтарды алып тастау керек. Бұрын бұл қызмет ХҚО-да офлайн режимде ғана көрсетілетін. Клиент алдымен банктен анықтама алып, содан кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінетін. Қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрады. Қазір жобаның арқасында бұл процесс жеңілдеді - енді құжаттар жинап, оларды ХҚО-ға апарудың қажеті жоқ. Барлығы онлайн режимде жасалады, ал кепіл құқығын бес минут ішінде шешуге болады!Айта кетейік, мүлік кепілін тоқтату қызметі қазақстандықтар арасында сұранысқа ие қызметтердің бірі. Бес ай ішінде ЕДБ-нің 126 523 кепілі шешілді.  Жақын арада қызметті басқа банктердің клиенттері де пайдалана алады. Бұл мемлекеттік корпорацияның ЕДБ-мен және Blockchain технологиясын қолдану бойынша алғашқы бірлескен жобасы емес. 2021 жылдың күзінде «Цифрлық ипотека» іске қосылды, ал 2022 жылдың маусым айының басында жалға берілетін тұрғын үйді онлайн рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив