ТАРАЗДЫҚ СТУДЕНТ ӨЗ ЗАМАНДАСТАРЫНА ЖҰМЫС ТАБУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

ТАРАЗДЫҚ СТУДЕНТ ӨЗ ЗАМАНДАСТАРЫНА ЖҰМЫС ТАБУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Колледжді немесе университетті тәмамдаған соң жұмысты қалай табуға болады? Бұл сұрақты қазақстандық оқу орындарының әрбір түлегі қояды. Атаулы сұрақтың жауабын  Жамбыл политехникалық колледжінің 3 курс студенті Азамат Намелбек біледі. Ол өзінің тараздық замандастарының мамандығына сай еңбекпен қамтылуына септігін тигізіп жүр. Жігіт бірнеше айдан бері жастар арасында жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаны іске асыруда. Қоғам үшін пайдалы істі ұйымдастыру оның қолынан қалай келді? Біздің мақаладан оқыңыз.

Азамат Намелбектің «Need to work» атты жобасы «Халық» қайырымдылық қоры қолдауының арқасында жүзеге асырылып жатыр. Жігіт қор ұйымдастырған «HALYQ ҮМІТІ» әлеуметтік идеялар байқауының 50 жеңімпазының бірі атанған болатын. Ол байқаудың барлық жеңімпаздары сияқты өз жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақшалай сыйлықты еншіледі. Азамат байқауға қатысу өзі үшін маңызды оқиға болғанын айтады.

«Жастардың идеялары да, уақыты да жеткілікті. Алайда, қаржы көздерінің болмауы олардың бірегей идеяларын жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Ал «HALYQ ҮМІТІ» - бұл жастардың идеяларын жүзеге асыруға зор мүмкіндік беретін байқау. Бұл ретте жобаның қоғам үшін пайдалы болуы және белгілі бір әлеуметтік проблеманы шешуде оң өзгерістерге қол жеткізуге ықпал етуі ғана маңызды. Ал мен бірнеше жылдан бері жергілікті жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін көтеріп келемін. Сондықтан байқауға қатысамын деп шештім. Ал менің байқаудағы жеңісім кәсіби тәжірибе алуда, кәсіпкерлікпен айналысуда жастарға көмек көрсету жөніндегі жобаны табысты іске асырудың бастапқы нүктесі болды», - деп атап өтті Азамат Намелбек.

Жастарға көмек көрсетуге бағытталған жобаны іске асырудың басты себебі – Жамбыл облысындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі. Әсіресе, жұмыспен қамту мәселесі оқуын тәмамдаған жас мамандар арасында өзекті. Тараз жоғары оқу орындары мен колледждерінің көптеген түлектері мемлекеттік қолдау шаралары туралы білмей, жұмыс іздеуге көп уақыт кетіреді. Кейбіреулер, тіпті, басқа мамандық бойынша жұмыс істеуге келіседі. Осы жағдайды түзету мақсатында Азамат Намелбек Тараз қаласы Жастар-ресурстық орталығының командасымен бірлесіп, апта сайын жұмыссыз жастар мен түлектер үшін «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық практика» және «Ұрпақтар келісімшарты» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын, сондай-ақ мемлекеттен өтеусіз гранттарды алу қағидаларын түсіндіру мақсатында консультациялық алаңдарды ұйымдастырады.

«Бұл бағдарламалар алғашқы жұмыс орнына орналасқалы жатқан түлектерге арналған. Олар тек тәжірибе алуға ғана емес, сонымен қатар мемлекет төлейтін лайықты жалақы алуға мүмкіндік береді. Ал жастар мен жұмыс берушілердің көбісі олар туралы білмейді. Сондықтан студенттерді де, жұмыс берушілерді де барынша қамту үшін біз 1 миллион теңге мөлшеріндегі гранттық қаражаттың көп бөлігін жобамызды жарнамалауға жұмсадық.», - деді Азамат.

Бүгінге дейін атқарылған жұмыс өз жемісін де беріп үлгерді.  Консультациялық алаңдар кезінде 100-ден астам жасқа көмек көрсетілді. 10 түлек «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты. 2 адам әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыруға грант ұтып алды.

Сонымен қатар, Азаматтың айтуынша, жергілікті жастарды, атап айтқанда ЖОО мен колледж түлектерін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру үшін қорытынды кеңес беру платформасы жақын арада ұйымдастырылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив