Жүрек Орталығы - Nur-Sultan Half Marathon бірінші астаналық жартылай марафонының медициналық серіктесі

Жүрек Орталығы - Nur-Sultan Half Marathon бірінші астаналық жартылай марафонының медициналық серіктесі

Жүрек Орталығы елордада өткен Nur-Sultan Half Marathon бірінші жартылай марафонының медициналық серіктесі болды. Клиниканың медициналық қызметкерлері бүкіл маршрут бойынша жүгірушілерге көмек көрсету пункттерін ұйымдастырды. Медициналық қызмет көрсету станциялары барлық қажетті дәрі-дәрмекпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Жыл сайынғы «Алматы марафонын» ұйымдастырушы «Бірінші болу – батылдық» Корпоративтік Қоры 2022 жылғы 19 маусымда елордада спорт сүйер қауым үшін алғашқы жартылай марафонды өткізді. Жүгіру жарысында қатысушылар 21,1 км және 10 км қашықтықта, сондай-ақ 10 км скандинавиялық жаяу жүруде өздерін сынады. Жүгіру бағыты танымал сәулет нысандары мен көрікті жерлер бойында орналасқан. Осылайша, жүгірушілер мегаполистің жағымды көріністерін тамашалай алады. Жартылай марафонға қатысу елорда тұрғындары мен қонақтары үшін спорт мәдениетінің бір бөлігі болуға және салауатты өмір салтын қолдауға тамаша мүмкіндік болды.

«Жүрек Орталығы үшін осындай ауқымды шараның серіктесі болу -  үлкен мәртебе және жауапкершілік. Белсенді спорт көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Біздің Орталықтың дәрігерлері жүгірудің жүрекке пайдасы мен физикалық денсаулықты сақтау қажеттілігі туралы жақсы біледі. Сондықтан, Орталығымызда жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте кезеңде диагностикалау үшін арнайы «Спортшы» сheck-up бағдарламасын дайындадық. Біздің медициналық ұйымымыз үшін жартылай марафонға қолдау көрсету – халықты салауатты өмір салтын ұстануға және бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі болып табылады», - деп бөлісті клиниканың медициналық директоры Татьяна Иванова-Разумова.

Жарысқа қатысушылар өз жетістіктерінің қазынасын толықтырып қана қоймай, тегін медициналық тексеруден өтуге ұтысқа ие болды. Жүлделік серіктес ретінде Жүрек Орталығы клиникада толық тексеруді қамтитын 3 диагностикалық check-up пакетін ұтыс ойынын ұйымдастырды. Ұтыс ойыны 2022 жылғы 16 маусымда Nur-Sultan Half Marathon ұйымдастырушыларымен бірге Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде тіркелген қатысушылар арасында өтті.

«Бірінші болу – батылдық» Корпоративтік Қоры туралы

«Бірінші болу - батылдық» Корпоративтік қоры 2012 жылдан бері бұқаралық спорттық жарыстарды ұйымдастырып, жыл сайын салауатты өмір салтына көбірек адамдарды баулайды. «Алматы марафоны» еліміздің түкпір-түкпіріндегі көптеген жүгірушілер мен спорт сүйер қауым үшін және шетелден келген қонақтар үшін дәстүрлі бастамасына айналды. Жарыс Орталық Азиядағы ең ірі спорттық шара болып табылады. Белсенді өмір салтын насихаттаумен қатар, қор жарысқа қатысушылардың қатысу жарнасынан түскен қаражаттың бір бөлігін қайырымдылық мақсаттарға бағыттайды.

Жүрек Орталығы туралы

Жүрек Орталығы - балалар мен ересектерге жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде медициналық көмек көрсететін заманауи халықаралық деңгейдегі клиника. Орталық Қазақстандық бірегейлікті, денсаулық сақтаудың үздік халықаралық моделін және ғылыми тәжірибені біріктіретін кардиохирургиядағы ұлттық бренд ретінде дамып келеді. Клиника диагностикадан бастап жүрек пен өкпе трансплантациясы сияқты ең күрделі операцияларға дейінгі кең ауқымды қызметтерді ұсынады

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив