Ресми мәлімдеме

Ресми мәлімдеме

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ашық НҚА» порталында жарияланған ақпаратқа қатысты қазіргі таңда салыстырмалы кестеде көрсетілген ХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы жобаның тек талқыланып жатқанын жатқанын хабарлайды.

Айта кетейік, қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін және 18.00-ден 20.00-ге дейін 17 кезекші ХҚО-ларда жүзеге асырылады.

Сенбі-жексенбі – демалыс күндері, ХҚО жұмыс істемейді. Бұл жұмыс кестесі ресми түрде бекітілмеген, бірақ бөлімдер екі жыл бойы осы кесте бойынша жұмыс істейді.

Біз клиенттердің ұсыныс-тілектерін және кері байланыс бойынша жұмыстарды үнемі назарда ұстаймыз. Клиенттердің сұранысын ескеріп, кезекші ХҚО-лар арқылы қосымша қызмет көрсету уақытын ұзарттық. Бүгін біз халықтың осы жұмыс кестесіне үйренгенін көріп отырмыз.

Статистикаға сүйенсек, жұмыс күндері сағат 18.00-ден кейін қосымша 2 сағатта кезекші ХҚО-ға келетін клиенттер саны республика бойынша орташа есеппен 304 адамды құрайды, оның ішінде 5 облыста 6 адам ғана қызмет алуға келеді екен.

Мемлекеттік корпорация кезекші ХҚО-лардың уақытын жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін қалдыра отырып, сенбі күні сағат 13.00-ге дейін жұмыс кестесі жобасын ұсынып отыр. Бұл шаралар ХҚО жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ХҚО бөлімдеріне келмей-ақ, eGov.кz порталы, eGov mobile және «ХҚО» қосымшаларының көмегімен алуға болады.

Онлайн сервистердің арқасында ХҚО-дағы клиенттер ағыны жылдан жылға төмендеп келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив