Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жол желісі жаңартылуда

Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жол желісі жаңартылуда

Атап айтқанда, бүгінде Текекөл көлінен «Чебачье көлінің солтүстік айналма жолына» дейін жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын көлік жолының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі күнде 9 шақырым жолға асфальтбетон төселіп, тиісті жұмыстар орындалды.

Сондай-ақ «Бурабай – Қатаркөл» бағытындағы автокөлік жолында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Туристік маңызы бар елді мекендерді байланыстыратын жолдың жер қыртысын түзеу жұмыстары орындалып, ұзындығы 15 шақырымды құрайтын учаскеде асфальттық негіздің астыңғы және төменгі қабаттары төселді. Сонымен қатар 8 жаңа су өткізу құрылғысы орнатылды.

Бұдан бөлек, «Шучинск – Степняк – Уәлиханов» және «Нұр-Сұлтан қаласының шығыс айналма жолы – Сарыоба станциясы» бағытындағы автомобиль жолдарының негіздері мен жабындарын ауыстыру бойынша жұмыстар да іске асырылуда. Атап айтқанда, аталған жолдардағы иірімді учаскелерді жою, су өткізу құбырлары мен айналма жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп, ұзындығы 20 шақырымды құрайтын жаңа жол салынды.

Бүгінде «Жолымбет – Шортанды – Пригородное» (50-116 шқ), «Жалтыр – Макинск» (0-33 шқ) және «Ерейментау – Еркіншілік – Аршалы» (68-120 шқ) жолдарының учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары орындалуда. Қазіргі күнге дейін аталған учаскелердің 90 шақырымына жол негізі мен асфальтбетон жабыны орнатылып, 100-ге жуық су өткізу құрылғысы жөнделген.

Жол жөндеу жұмыстарының орындалу сапасы тапсырыс берушінің, техникалық қадағалаудың және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ның тұрақты бақылауында.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив