Аумақтарды кешенді дамыту стандартын талқылау

Аумақтарды кешенді дамыту стандартын талқылау

14 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясының («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамындағы еншілес ұйым) алаңында Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығымен бірлесіп 2022 жылдың күз мезгілінде өтетін стандарттың шығарылуы туралы анонс беру мақсатында жергілікті кәсіби қоғамдастықпен аумақтарды кешенді дамыту стандартын талқылау өтті.

Бүгінде Қазақстанның құрылыс салушылары қала тұрғындарының қазіргі заманғы сұраныстарына жауап бермейтін және әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық салалардағы өзгерістерді ескермейтін ескірген қала құрылысы тәсілдемелері мен нормативтік-құқықтық реттеу жүйесін пайдаланады.

Осыған байланысты елімізде аумақтарды кешенді дамытудың бірыңғай стандарттарын енгізу ерекше өзектілікке ие, бұл қоршаған ортаның сапасын арттыру және қазақстандық қалалардың қазіргі заманғы даму модельдеріне көшу жолындағы маңызды қадам болады.

Қазақстанда осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығымен бірлесіп кешенді даму стандарттарын бейімдеуді жүргізуде.

Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Аукеновтың айтуы бойынша, Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы мен Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы алдында қала құрылысы, қалаларды дамыту және инклюзивті қалалық ортаны құру, ҚНжЕ-лерді жаңғырту мәселелері бойынша қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.

Бұл стандарт 6 кітап пен 4 каталогтан тұрады және қала ортасы мен тұрғын үйге қатысты көше орамдарының параметрлерінен бастап жеке пәтерлерді жоспарлауға дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды.

 

Осы модельде «қадамдық қолжетімділік» қағидаты өзекті. Сапаға қойылатын жоғары стандарттар, ойластырылған сәулеттік және жобалық шешімдер, нәтижесінде азаматтар үшін жайлы өмір сүру ортасын құрады.

Каталогтар абаттандыруға, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жобалауға, тұрғын үй құрылысына және кварталдардың кейбір жоспарлау шешімдеріне бағытталған нақты шешімдерді қарастырады.

Әр кітап жайлы қалалық ортаны жобалаудың белгілі бір аспектісін қарастырады. Сондай-ақ, аумақты игеруге, бос аумақтарды дамытуға, көше шебіне қойылатын талаптарды әзірлеуге және т.б. үшін мастер-жоспарлауға арналған кітаптар бар.

         Бұдан бұрын жобаланған тұрғын үй форматтары тиімсіз болғандықтан, қазіргі уақытта жаңа стандарттар бойынша жобалау мәселесі белсенді талқылануда.

         Құжаттың мақсаты — қазіргі заманғы әлеуметтік және экономикалық жағдайларға, тұрғындар, бизнес пен қала билігінің мүдделеріне жауап беретін қалалық ортаны құрудың жаңа тәсілдемелерін әзірлеу және енгізу. 

Стандарт БҰҰ Хабитат қағидаттарына және ЭЫДҰ экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы көздейтін жайлы тұрғын үй құрылысы мен қалалық ортаны дамыту тәсілдемелеріне негізделген. Бұл қалаларды дамыту саласындағы әлемдік күн тәртібін қалыптастыратын екі халықаралық тірек.

Олардың қағидаттары салыстырмалы – бұл құрылыстың көпфункционалдылығы, ықшамдылығы, оның адамға шамалас болуы, тиімді, тығыз көше-жол желісі және экологиялық тиімділігі, көше шебін, оның ішінде ШОБ субъектілерін белсенді пайдалану. Осы қағидаттардың барлығы аумақтарды кешенді дамыту стандартының негізін қалады.

«Біз осы жоба қала құрылысшыларына абаттандыру, аумақтарды қалпына келтіру және аумақты құрылыспен толтыру процестерінің сапасы мен тиімділігін арттыруға көмектесетініне және қаланы реттеу мен сәулеттік жобалау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге негіз болатынына сенімдіміз», - деп атап өтті «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ Төрағасының орынбасары Рустам Исаев.

«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив