Алматы метросында алғашқы сейсмикалық станциялар орнатылды

Алматы метросында алғашқы сейсмикалық станциялар орнатылды

Инженерлік-сейсмометрикалық қызмет станцияларын орнатуға «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ (ҚазҚСҒЗИ) ғылыми-техникалық тұрғыдан көмек көрсетті

Алматы қаласы метрополитенінің «Бауыржан Момышұлы» және «Сары Арқа» жаңа станцияларында тоғыз арналы цифрлы аспапты-өлшеу жүйелері орнатылды. Аталған құрылғылар швейцариялық «GeoSIG» фирмасының өнімі.

Бұл – Алматы қаласының метро жүйесінде орнатылған алғашқы сейсмикалық станция. Аталған құрылғылар жер сілкінісін алдын-ала болжауға мүмкіндік беріп, зілзала кезіндегі кинематикалық параметрлердің аспаптық жазбаларын алуға септігін тигізбек. Құрылғыдан алынған ақпарат сейсмикалық әсердің нақты қуаты мен ерекшеліктерін ескеруге және метрополитеннің жаңа станцияларын жобалауға ықпал етеді.

Құрылғылар күту режимінде жұмыс істейді. Оның іске қосу шегі – 0.05g. Аспапта іске қосу шегінің болуы – метрополитендегі пойыздар қозғалысының динамикалық әсерімен байланысты.

Станциялар өткен жылы техникалық тұрғыдан іске қосылды. Биылғы жылдың маусым айында оларды толығымен пайдалану жоспарланып отыр. Алдағы уақытта метрополитендегі құрылысы жүріп жатқан тағы екі бекетте осы тақілеттес сейсмикалық станцияларды орнату көзделген.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив