Кеден саласындағы тексеру нәтижелері туралы

Кеден саласындағы тексеру нәтижелері туралы

Ютубқа сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=tMRA2Bcnhdc 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бас прокуратура кеден саласында тексерулер жүргізді.

Нәтижесінде, мемлекетке 165 млрд теңгеге залал келтірген кедендік төлемдерден жалтару және тауарларды жалған декларациялау фактілері анықталды.

Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісі орын алған.

Кәсіпкерлердің салықтан жалтаруы үшін, уәкілетті экономикалық операторлар соңғы екі жылда 221 миллиард теңгеге жалған счет-фактураларды жасаған.

Тексерудің тек бір айында жалпы құны 800 миллион теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі анықталды.

Мысалы, «GROUP OF THE COMPANIES TDA» компаниясы 287 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізген. Аталмыш компанияның директоры қамауға алынды.

Сондай-ақ, кеден саласындағы жұмыскерлер өз қызметін лайықты орындамаған.

Атап айтқанда, 27 қаңтарда «Нұр Жолы» кеден бекетінің маманы  Мошканов, «Берекет Логистик» компаниясына тиесілі декларацияланбаған тауардың салмағын заңсыз азайтып, оны 337 келі деп көрсеткен. 

Алайда, прокурорлар жүкті қайта тексерген кезде,  декларацияланбаған тауардың салмағы 22 тонна екендігін анықтаған. Ол тауарлардың құны 127 миллион теңгені құраған.

Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелерде мәліметті заңсыз өзгерту салдарынан 9 импорттаушы бюджетке 143 млн теңге шығын келтірген.

Бұл іске Алматылық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысы бар.

«Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары прокурорға 50 мың АҚШ доллары көлемінде, ал «Cargo Management» операторының өкілі 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Алайда прокуратура қызметкері олардың заңсыз әрекетіне тоқауыл қойып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп арнайы шаралар жүргізу кезінде пара берушілердің әрекетін әшкерелеген.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін Үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Mandy 13 января 2024 03:05

    Greate pieces. Keep writing such kind of information on your page.
    Im really impressed by your blog.
    Hello there, You've done an excellent job. I will
    certainly digg it and in my view suggest to my friends. I'm confident they'll be benefited from this web site.


    my webpage :: achat de endep

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив