Қазақстанда тікұшақ түріндегі дрондардың бірегей өндірісі іске қосылды

Қазақстанда тікұшақ түріндегі дрондардың бірегей өндірісі іске қосылды

Қазақстан Республикасында алғаш рет жүктердің әртүрлі нұсқаларын пайдалану мүмкіндігі бар «IRBIS-4.0» тікұшақ түріндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісі іске қосылды.

Дрон-тікұшақтар «SC Tech» ЖШС құрастыру-сынау кәсіпорны базасында бақылау сынақтарын жүргізе отырып өндіріледі және жиналады.

«Бұған дейін компания әуе нысандары мен әскери ұшақтарды жасаумен айналысқан. Мысалы, ұшақ түріндегі ұшу аппараттары әуе шабуылына қарсы қорғаныс ӘШҚ әскерлерінің бөлімшелерін жаттығу және оқыту мақсатында қолданылды. Ағымдағы кезеңде, біз өз топтамамызды кеңейте отырып, өнеркәсіптік және азаматтық секторларға арналған пайдалы жүктеменің түрлі нұсқаларын 7 килограмға дейін пайдалану мүмкіндігі бар Қазақстандағы алғашқы тікұшақ түріндегі дрондарды таныстырамыз. Бұл тікұшақ түріндегі дрондар әртүрлі қажеттіліктер үшін қолданылуы мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, осы құрылғымыз тапсырыс берушілеріміз бен мемлекеттік органдардың барлық үміттерінен асып түседі» - деп түсіндірді «SC Tech» ЖШС директоры Ардақ Бектасов.

«SC Tech» ЖШС «IRBIS-4.0» тікұшақ түріндегі дрондар экономиканың өнеркәсіптік және азаматтық секторларының қажеттіліктері үшін пайдалануды таныстырады және топтамамызды кеңейтеді.

Болашақта техникалық қызмет көрсету мен сүйемелдеуді қамтамасыз ететін қазақстандық кәсіпорында шығарылатын осы дрондардың көмегімен төмендегі қызметтердің кең ауқымын шешуге болады:

- орман, су шаруашылығы объектілерінің экологиялық мониторингін жүргізу;

- электр энергетикасы, мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарының, құрылыс объектілері мен тау-кен өндіру кәсіпорындарының инспекциясы;

- ТЖ алдын алу және ауқымын бағалау үшін мониторинг жүргізу;

- жетуге жолы қиын аудандарға шағын көлемді жүктерді шұғыл жеткізу;

- қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу және т.б.

Осы уақытта «SC Tech» ЖШС Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен белсенді түрде ынтымақтаса отырып, әскери мақсаттағы бірнеше жобалар іске асырылды және әзірленуде. 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелеріне алғашқы екі ұшқышсыз «IRBIS-4.0» авиациялық кешені жеткізілді.

«SC Tech» ЖШС 2014 жылы құрылған. Компанияның қызметі үйлесімдік технологияларды пайдалану және жұмыс істеу, ұшқышсыз инженерия, әскери және азаматтық мақсаттағы ұшқышсыз авиациялық жүйелерді (ҰАЖ) басқару жүйелерінің аппараттық бөлігін жобалау және құру саласындағы дамуға бағытталған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив