Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ҚР ИИДМ

Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ҚР ИИДМ

Қазіргі уақытта елімізде 57 ішкі бағытта 605 ішкі тұрақты әуе рейсі орындалады – ҚР ИИДМ 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі қалпына келітірілген ішкі рейстер бойынша ағымдағы ақпаратты жариялады. 

         Ел аумағында төтенше жағдай режімінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр.

Төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады. 

ҚР ИИДМ қай елдермен әуе қатынасы қалпына келтірілгенін хабарлады 

Бүгінгі таңда 25 елмен аптасына 257 халықаралық рейс орындалады.

"Қазақстанда халықаралық әуе рейстері толық дерлік қалпына келтірілді. Елімізге немесе елімізден ұшатын отандық және шетелдік әуе компаниялары өз қызметін толық көлемде жалғастыруда. Олар әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады", - делінген Министрлік хабарламасында.

Бүгінгі таңда 25 елмен (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Катар, Корея, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Шри Ланка) 76 бағытта аптасына 257 рейс орындалуда.

Сондай-ақ, Министрлік төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толық қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алатынын еске салады. 

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив