Елордалық полицейлер елордаға синтетикалық есірткі жеткізуші арнаны жойды

Елордалық полицейлер елордаға синтетикалық есірткі жеткізуші арнаны жойды

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимі кезінде қалада құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында жеркілікті-рейдтік тексерістер жүргізуде.

Осылайша Петров көшесінің бойында 23 жасар күдікті ұсталды, жеке тінту жүргізу барысында полицейлер күдіктіден ішінде есірткі заты бар 29 дана түйіншекті анықтап, тәркілеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні өткізуші «тауарды» өзінің жеке интернет дүкені арқылы халық көп жиналатын орындарға қойып кету жолымен өткізген. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған адам полиция қызметкерлеріне жасырын орындарды көрсетіп, аталған орындардан ішінде есірткі заты бар  «қалташалар» тәркіленген.

Өзінің қылмыстық әрекетімен күдікті 5 интернет дүкенді құрып, оған басшылық еткен және сол арқылы синтетикалық есірткіні таратқан.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстінң 97-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша айып тағылды, мүлкін тәркілей отырып 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. 

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив