Маңғыстаулық спортшылар 2021 жылы 1425 медаль жеңіп алды

Маңғыстаулық спортшылар 2021 жылы 1425 медаль жеңіп алды

 

22 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімінің қатысуымен «Тәуелсіздік тұғырым, спорт – менің өмірім» атты шара өтіп, спорт саласының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Үздік спортшылар мен командаларды анықтауда олардың биылғы қол жеткізген жетістіктері ескерілді. 2021 жылы облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда барлығы 1425 медаль жеңіп алды. Оның ішінде Азия және Әлем чемпионаттарында 143 жүлде, 42 алтын, 41 күміс және 59 қола жүлде өңір қоржынына түсті. Өңірде биыл 4 адам Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 53 азамат ҚР спорт шебері, 402 адам ҚР спорт шеберінен үміткер атанды.

Нұрлан Ноғаев жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, өңірдегі спорттың өркендеуіне атсалысқан азаматтардың өлшеусіз үлесін атап өтті.

- Өткен ғасырдың соңында халқымызға оңай болған жоқ. Экономикалық ахуалдың күрделілігінен көптеген спорт нысандары жекешелендіріліп, спорттың дамуында қиын да күрделі кезең орнады. Бірақ Елбасының батыл шешімімен спортты дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, кәсіби спортшыларды дайындау үшін заманға сай спорт нысандары бой көтерді. Бұл үрдісті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастырып, бүгінде мемлекет тарапынан спортты дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. Сәйкесінше, Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстан спортшылары талай биік белестерді бағындырып, дүбірлі додаларда топ жарды. Оның ішінде маңғыстаулық спортшылар да Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Спортшыларымыздың бұл еңбегі - өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, - деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы Республикада халықты бұқаралық спортпен қамту көрсеткіші бойынша алдыңғы орында тұр. Өңірде 275 мыңға жуық тұрғын спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Ауылдық жерлерде 130 мыңға жуық адам салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл өңір тұрғындарының 37,4 % құрайды. Облыста барлығы 119 спорт түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Биыл мемлекеттің қаржыландыруымен 5 мыңға жуық бала мен жасөспірімді қамтитын спорттың 20 түрі бойынша үйірмелер ашылып, балалар тегін жаттығуға мүмкіндік алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив