ШҚО-да 60 БАЛА AMANZHOLOV UNIVERSITY-нен ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР АЛДЫ

ШҚО-да 60 БАЛА AMANZHOLOV UNIVERSITY-нен ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР АЛДЫ

Шығыс Қазақстанда №45 орта бейіндік мектептің 60 бастауыш сынып оқушысы Amanzholov University атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды, деп хабарлайды С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасы бойынша IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының қолдауымен Өскеменнің кішкентай тұрғындары 60 жаңа жылдық тартулар алды.

"Бүгін біз студенттермен бірге балаларды құттықтауға келдік. Олар үшін шағын мереке ұйымдастырылды. Бұл өте маңызды, өйткені біздің университет кәсіптік бағдар беру жұмысы мен ЖОО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында әрдайым әлеуметтік қолдау көрсетеді", - деп нақтылады С.Аманжолов атындағы ШҚУ IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиканова.

Салтанат Адиканова атап өткендей, университет үшін балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау аса маңызды.

Сондай-ақ, балаларға университеттен тағы бір тосын сый - ЖОО білім алушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы болды. Кішкентай көрермендерді студенттер жарқын би және вокалдық нөмірлермен таң қалдырды.

"Бұл біздің мектеп пен балаларымыз үшін үлкен қуаныш. Оларға жаңа жылдық керемет көңіл-күй сыйлау - өте лайықты әрекет. Осындай тамаша іс-әрекет үшін Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлегенге алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, біз балаларымыздың болашағы үшін еңбек етуге және олардың ақылды және жақсы адам болып өсулері үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз", – деді №45 орта бейіндік мектептің директоры Әлия Серікбаева.

Шара соңында, мектепке С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректорының алғыс хаты табыс етілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив