Есірткі өмірін бұзған сотталғанның өкініші

Есірткі өмірін бұзған сотталғанның өкініші

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі аралас ЗК-169/5 мекемесінде 800-ден астам сотталғандар жазасын өтейді. Олардың жасаған қылмыстары, жаза өтеу мерзімдері де әр түрлі, біреуі қарақшылық жасап сотталған болса, екіншісі есірткі бабымен , басқалары әр түрлі қылмыспен жазаларын өтеп жатыр. Жазасын өтеп жүрген сотталғандар арасында  құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіргені үшін 4 жылға сотталған 60 жастағы Д. есімді сотталғаннан сұхбат алудың сәті түсті. Зейнет жасына шығуына 2-3 жылдың жүзі қалған сотталғанның жазасын өтеуінің себебін сұрадым. Күрсіне отырып, өкінгенмен уақытты кейінге қайтара алмайсың, уақытты да ұстап тұра алмайсың дейді ол. Жас болдым, алып-ұшып тұрған шағымда есірткі затының дәмін татып көрдім. Есірткінің ерекшелігі сол - бір рет дәмін татқан адамды бірден өзіне баурап алады. Нәтижесінде, қалай тәуелді болып қалғанымды да білмей қалдым дейді сотталған. Ес біліп есейген соң, бұл әдет қалмады, одан «Сора» өсімдігін өсіруді қолға алдым. Өзіме пайдалану үшін өсірдім. Кейіннен отбасы құрдым, қаншама рет есірткіге тәуеділіктен құтыламын дегенмен, құтыла алмадым. Ұлым мен қызым бар, олардың да өз отбасылары бар, қазір немересін еркелетіп отыратын ата болып, ақыл айтып отыратын шағымда, балалық шақта дәмін тартып көрген заттан құтыла алмай осылай жазамды өтеп, темір есікке телміріп, бостандықты аңсап жүрмін. Балаларым, немерелерім де кеп тұрады. Төрт жылға сотты болдым, мекемеге келгеніме бір  жылдан асты, әлі үш жылым бар бар деп күрсінді.

Сот үкімімен мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емделу тағайындалған болатын. Түзеу мекемесінде  толық  ем алдым.

Міне, есірткі пайдалану мені осындай үлкен қайғыға алып келді. Сондықтан да жастарға айтарым, есірткіден алшақ болыңдар,  қызығатын зат емес, адам өмірге бір-ақ рет келеді, сондықтан оны жақсы етіп сүру өздеріңнің қолдарыңда, өзімнің өткен өмірімді ешкімгеде тілемеймін деп сотталған қария әңгімесін аяқтады. 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив