Біле жүріңіз!

Біле жүріңіз!

Некені қалай тіркеуге болады?

Неке қию адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған ер мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының азаматы «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес 18 жастан бастап заңды некеге тіркеле алады.

Некені арнайы неке қию рәсімін тіркеуші органдарда іске асыруға болады. Болашақ ерлі-зайыптылар тіркеуші мемлекеттік органға барып, некеге тұрғысы келетіндіктерін мәлімдеуі керек. Некені сенімхат бойынша немесе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады.

Егер неке қидыруға тіркелген азаматтар ауыр науқастануы, жүріп-тұруы қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болса, неке қиюды үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

 Некеге отыратын жұп медициналық тексерістен өткені жөн. Ол неке қидыруға ниет білдірген азаматтардың келісімімен іске асады. Дегенмен оларды ешкім міндеттемейді.

Әйел адам тегін ауыстыруға міндетті емес. Дегенмен заңда рұқсат етіледі. Неке қию кезінде ерлі-зайыптылар қалаулары бойынша ортақ тегі ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдауына немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өз тегінде қалуға болады.

Некеге тұру туралы куәлік ерлі-зайыптыларға некеге тұрған жер бойынша мемлекеттік тіркелген күні берледі.

Г.Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сотының бас-маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив