СҚО-да 2 жыл ішінде шетелдік нөмірлері бар 60 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды

СҚО-да 2 жыл ішінде шетелдік нөмірлері бар 60 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды

Солтүстікқазақстандық полицейлер қазақстандық азаматтардың шетелде есепте тұрған автокөліктерді пайдалануымен байланысты тәуекелдері туралы айтты.

Тек соңғы екі жылда СҚО-да айып тұрағына өзге елдердің нөмірлері бар 60 автомобиль қойылды. Оның 7-і айдап әкеткен көліктер тізімінде (барлығы Ресей Федерациясы аумағы бойынша). Кейбір көліктерге шетелде шектеу қойылғандықтан айып тұрағында тұр. Мысалы, Ресей Федерациясындағы нақты иесінің мүлкіне тыйым салынғандықтан, тамыз айында Петропавл тұрғыны «BMW X-5» көлігінен айырылды және бұл бірлі-жарым оқиға емес.

«Сонымен қатар, айып тұрағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында тоқтатылған көліктер қойылады, - деп хабарлайды СҚО ПД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Жеңіс Темірбеков. Аталған көліктер заңнама бұзушылықтарымен ресімделген. Олардың көбісін жалған құжаттармен кіргізбекші болған, кейбіреуінің vin-коды қайта соғылған. Дегенмен, жерлестеріміздің біразы шетелде «ұқсас телқосағы» бар көлікті тізгіндеп жүр деуге негіз бар».

Келесі бір қауіп: кейде қазақстандықтар «конструктор» деп аталатын – күрделі жол-көлік оқиғасына түскен автомашиналардың қосалқы бөлшектерінен жиналған  көліктерді сатып алып жатады. Оларды да жалған құжаттар бойынша сатады. Полицейлер шетел көлігін сатып алар кезде автомобильдердің және агрегаттардың (vin-код, шанақ, қозғалтқыш, шасси және т.б.) сәйкестендіру нөмірлерін тіркеу құжаттарында көрсетілген мәліметтермен салыстыруға, шектеулер қойылғанын, не қойылмағанын, жалпы тарихын тексеруге кеңес береді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив