ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ    ОТЫРЫС ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫС ӨТТІ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста ел Президентінің 2021 жылғы 21 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында этномедиацияны дамытуға қатысты берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Медиация орталықтарының өкілдері, ҚХА кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, өңірлік медиация кабинеттерінің басшылары, БАҚ және т.б. қатысады.

Отырысты ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ашты. Өз сөзінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылдан бастап медиация институтын даулар мен жанжалдарды шешудің қоғамдық-құқықтық құралы ретінде дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Медиация институтының қызметі азаматтардың даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында ымыраға келуге дайындығын көрсететін, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды маркерлерінің бірі болып табылады.

Марат Әзілханов даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлармен үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Ел Президенті біздің жағдайда этномедиация үшін кәсіби келіссөз жүргізушілердің форматы неғұрлым тиімді болып табылатынын және Ассамблея осы бағыттағы негізгі орган болуы тиіс екенін атап өтті», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары.

Іс-шара барысында келіссөз жүргізуші-этномедиаторларды даярлау жүйесін қалыптастыру тәсілдері, тиісті оқу бағдарламасын әзірлеу ерекшеліктері, этномедиаторларға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде қоғамдық медиация институтын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Қойылған міндеттерді жоспарлы және дәйекті іске асыруға мүмкіндік беретін жұмыс пікірсайыстары өткізіліп, олардың қорытындылары талқыланды.

Бүгінде елімізде ҚХА аясында 2 мыңға жуық қоғамдық медиаторлар, 100-ден астам кәсіби медиатор жұмыс істейді. Өңірлерде 17 медиация кабинеті ашылды және 300-ден астам медиация алаңы жұмыс істейді (соттарда, «Нұр Отан» партиясының филиалдарында татуласу кабинеттері). Кәсіби емес медиаторларды оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері этномәдени бірлестіктер өкілдері қатарынан 5 мыңнан астам медиатор мен өтініш білдірушілер түрлі курстар мен семинарларда тегін оқытылды.  

Даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлар үлкен жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2016 жылдан бастап 130 000-ға жуық өтінім келіп түсті, олардың 39%-ы кеңес берілсе, 61%-ы медиативтік келісімдер жасалды. Бұл жұмыспен 310 мыңнан астам адам қамтылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив