СҚО-да террористік тұрғыдан осал объектілердің 5 басшысына айыппұл салынды

СҚО-да террористік тұрғыдан осал объектілердің 5 басшысына айыппұл салынды

 

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен және қызметшілерімен ұдайы негізде сабақтар өткізіп тұрады. Кезекті жұмыс кездесуін полицейлер медицина мекемелерімен бейнеконференция форматында өткізді. Іс-шара ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.   

Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын реттейтін заңнама нормалары туралы, дағдарыс жағдайы туындаған кездегі қызметкерлердің іс-қимылдары туралы айтты. Басшылар «дабыл тетіктері», қызметкерлерді хабардар ету жүйесі, бейнебақылау туралы нақты мәселелерді көтеріп, конференция барысында толық жауап алды.

«ТТО объектілердің қорғалуы СҚО ПД басшылығының тұрақты бақылауында, — дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Жарасбаев. — Жыл басынан осындай 76 сабақ өткіздік және 6,5 мыңнан астам ТТО объектілердің басшылары және қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Маңызды сәттер: әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дағдарыс жағдайларының ойдағыдай аяқталуы көбіне қорғалудың заманауи техникалық талаптары және қызметкердің іс-әрекетіне байланысты болады».

Сонымен қатар, Руслан Жарасбаев жыл басынан терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзғаны үшін ТТО объектілердің 5 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. 600 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив