Ағымдағы жылдың басынан бері елордалық полицияға отбасылық агрессияға қатысты 14 мыңнан астам шағым түскен.

Ағымдағы жылдың басынан бері елордалық полицияға отбасылық агрессияға қатысты 14 мыңнан астам шағым түскен.

Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық өзекті мәселелердің бірі. Карантиндік шектеулер енгізілгеннен бастап тұрмыстық келіспеушіліктер, атап айтсақ мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтар саны артты.

Үстіміздегі жылдың 10 айында «102» арнасына  отбасындағы агрессияға қатысты 14 мыңнан астам шағым-арыздар келіп түсті.

Жыл басынан бері 3168 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы деректердің  40%  денсаулыққа жеңіл зиян келтірген ұрып-соғу фактісі бойынша (көп жағдайда ішімдік ішіп мас күйінде жасалған).  530 астам заң бұзушы әкімшілік қамауға алынды.

Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударады, бақылаудың жаңа әдістері қолданылады. Сондай – ақ, есепке алынған және құқықбұзушылық жасауға бейім адамдар қашықтықтан бейне қоңырау арқылы тексеріледі. Яғни, учаскелік инспектор мұндай адамдарды бақылауға алады.

Сонымен қатар, полицияға тікелей жүгінуге мүмкіндігі жоқ зорлық-зомбылық құрбандарын анықтау үшін арнайы алгоритм әзірленді. Дәріханалар мен үй жанындағы азық-түлік дүкендерінің сатушылары полициямен жедел өзара іс-қимыл жасауға бағдарланады. Өйткені, олар мұндай фактілердің еріксіз куәгерлеріне айналады.

Ағымдағы жылы полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылық жасауға бейім 6600 адамға қатысты қорғау нұсқамаларын шығарды. Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің еркіне қарамастан, кәмелетке толмағандарды немесе әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, онымен іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, ауызша түсіндіруге, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салады.

Отбасылық агрессия құрбандарын уақытша оқшаулау жағдайларын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда. Елордада әкімдіктер мен үкіметтік емес ұйымдар жанынан құрылған дағдарыс орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылуда.

Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де қажетті көмек ала алады. Жыл басынан бері бұл орталықтарға 245 –тен астам адам, 77 әйел және 168 бала жіберілді.

Өткен жылдың басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілгенін атап өткен жөн. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін қамауға алу мерзімі 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін ұзартылды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу фактілері бойынша 20 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты белгіленген ерекше талаптарды бұзғаны үшін қамауға алу түріндегі санкция 10 тәулікке дейін күшейтілді.

Енді сот мұндай істерді денсаулыққа келтірілген зиянды қалпына келтіру немесе тұрмыста жасалатын құқық бұзушылықтардың неғұрлым кең таралған түрлері бойынша медиация институты қолданылған жағдайда ғана тоқтатуға құқылы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив