«Бұлай болады деп ойлаған жоқпын», - Петропавл тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысының полицейлеріне алғысын білдірді

«Бұлай болады деп ойлаған жоқпын», - Петропавл тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысының полицейлеріне алғысын білдірді

Петропавл тұрғыны Зейнеп Мұхамеджанова облыстық Полиция департаментіне қоңырау шалып, келеңсіз жағдайда көмектескен тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. 30 қазан күні ол күйеуімен бірге аудан орталығы Мамлюткадан қалаға кетіп бара жатқан. Жолда тоқтағанда әйел өзінің «Mercedes» автокөлігінің кілтін түсіріп алады. Қараңғыда қардың астынан іздеп таба алмайды. Көмектесу үшін тоқтаған басқа да жүргізушілердің көмегі еш нәтиже бермейді. Олардың біреуі петропавлдықтарды жолдың жиегіндегі дәмханаға жеткізіп салады.

«Қолайсыз ауа-райында жылы жерден шығу қорқынышты болды, бірақ мәжбүр болдық», - дейді Зейнеп. - Біз жол жиегінде көлігімізге келе жатыр едік, сол кезде жақын жерде басқа көлік тоқтады, жүргізуші көмек керек пе деп сұрады. Жағдайымызды айтып едік, ойланбастан қалаға жеткізіп салды. Өзі біреуге хабарласып, «Mercedes» көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады. Өзін Серік Дарханұлы деп таныстырған жүргізушінің СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы екенін кейін ғана білдік».

Келесі күні ерлі-зайыптылар металл іздейтін құрылғымен көліктеріне қайтып келеді. Іздеуден еш нәтиже шықпайды, есесіне осы уақытқа дейін «Mercedesтің» аудандық ПБ қызметкерлерінің қарауында болғанын біледі. Жол үстінде қалдырылған автокөлік жол қозалысына қатысушыларға қауіп төндіруі әбден мүмкін. Оның үстіне, ашық автомобиль бөтеннің мүлкін олжалайтындардың назарына ілігетін еді. Сондықтан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жол бөлігін бақылауға алып, жоғалған кілтті табуға әрекеттенген. Тек дүйсенбі күні, қар ерігеннен кейін Мұхамеджановтар кілтін тапты.

«Машина от алды, барлық заттарым орнында, — дейді Зейнеп. — Уақытымен санаспай, біздің көлікті және жолдағы қауіпсіздікті күзеткен полицейлерге алғыс білдіру үшін сөз айтып жеткізу оңай емес. Мұндай мүмкін екендігін еш ойламаппын. Олардың әрқайсысы бізге көңіл бөліп, қол ұшын созды, хабарласты, жағдайымызды, тағы қандай көмек қажет екендігін сұрастырғаны ерекше әсер етті. Бұлай болады деп ешқашан ойлаған емеспін. Серік Дарханұлына, сондай-ақ ауданның ПБ бастығы Петр Климовке және қызметкерлер Әлібек Осиповке, Азамат Көппергеновке, Сергей Ковальчукке үлкен алғыс білдіремін, осы адамдардың есімдерін ғана естідім, мүмкін тағы басқа қызметкерлер болған шығар – жанымызда болып, көмекке келген барлық қызметкерлерге ризашылығым шексіз!» 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив