«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ ШЕТ ЕЛДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАДЫ

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ ШЕТ ЕЛДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАДЫ

Ақтөбе облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өткізілді, — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

Естеріңізге сала кетсек, аталған клубтар ЖОО мен колледж студенттерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді атсалысуға шақыру мақсатында құрылған.

Бүгінде клуб мүшелерінің әрқайсысы білім берудегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуы, академиялық адалдықтан ада болу – тұтас мемлекеттің күйреуіне әкеліп, талай тағдыр мен арманды жоятындығын түсінеді.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Айбек Көпенов, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының түлегі Серік Алматов және Байғанин аудандық мәслихатының депутаты, еркін күрестен спорт шебері Айтуған Тәжімұратов қатысты. Олар жастарға адалдық пен парасаттылық қағидаларын басшылыққа алып, өз ісін жақсы көріп, кез-келген жетістікке қол жеткізу мүмкін екендігін айтты.

Айбек Көпенов жетекші маманнан қала басшысының орынбасарына дейінгі мансабының қыр-сырымен бөлісті. Ал Айтуған Тәжімұратов кәсіпкерлікті, спортты және қоғамдық қызметті ұштастыра отырып, қалай өзіңді өзің қалай шыңдауға болады деген сұраққа жауап берді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған, бүгінде Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бөлім басшысы болып қызмет етіп жатқан Серік Алматов Лондон университетіндегі естеліктерімен бөлісті. Спикер қазақстандық студенттердің тіл мен әлемдік деңгейдегі білімді игерудегі артықшылықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, бүгінгі жастардың қандай қасиеттерді дамытуға көбірек назар аудару қажеттілігіне тоқталды.

«Барлықтарыңызға мәлім, шет елдегі біздің студенттер қашан да өз білімімен ерекшеленеді. Біз мектеп, университет қабырғасында гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарын қамтитын ауқымды пәндерді меңгереміз. Шет елдегілер қазақстандықтар неге көп біледі және неліктен соншалықты жан-жақты деп үнемі аң-таң болады. Өйткені, олар тек қана бір бағытта терең білім алады ғой. Мен оқыған елде азаматтар тек бір ғана тілді – ағылшын тілін біледі. Ал біздер болсақ, жастайымыздан екі тілде еркін сөйлей аламыз. Бұл жағдай біздің ой-өрісімізді кеңейтіп, ғылымды игеруде өз артықшылықтарын береді. Ғылыми тұрғыда дәлелденген жайт, бірнеше тіл білетін студенттердің үлгерімі қашан да жақсы болады», - деді Серік Алматов.

Спикердің айтуынша баға, дипломның түсі, үйдегі туған-туыстың көңілінен шығу үшін білім алатын уақыт өтті. Шет елдіктер тек пайдалы білім алу үшін оқиды. «Болашақ» түлегі жастарды парасатты болуға, сыни ойлауды игеруге, дұрыс патриотизм мен қоршаған ортаны аялауға шақырды.

«Дұрыс патриотизм демекші... Пандемия уақытында онлайн форматқа ауысқан шақта оқу бағасы да төмендеген болатын. Менің жапондық бір танысым қарбаласта құжаттар жинап, оқу ақысының айырмасын қайтару жөнінде бірталай арыз жазды. Әрине, біз қаражатты өзіне алғысы келіп жүргені-ау деп ойладық.

Алайда әңгімелесіп, ақыны қайтарғаннан кейін әрбір тиын автоматты түрде Жапонияның бюджетіне түсіп, қажетті салаларға жұмсалатынына көз жеткіздік. Сол кезде мен оның нағыз патриот екенін түсіндім», - деп, спикер өз естелігімен бөлісті.

Шара барысында «Саналы ұрпақ» студенттік клуб мүшелері пікірталасқа қатысып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив