ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Бұл ата-бабамыздан келе жатқан ұлы арман еді. Олар тәуелсіздікті өмір бойы аңсаған, сол үшін күресіп, жанын берген. Елі үшін, жері үшін жанын аямаған талай ірі тұлғаларымыз да оның жолында құрбан болды. Ал 1986 жылғы 16 желтоқсанда талай жас қыршынның төгілген қаны мен қиылған жаны да бұған дәлел. Осы тәуелсіздікке қол жеткізген біз – бақытты ұрпақпыз. Тарихы бай, тамыры терең тәуелсіздік тұғырында, ашық аспан астында, бауырлас көп ұлт мекендеген Қазақстан атты бір шаңырақ астында «татулықты, бірлікті, ынтымақты» ұран еткен халқымыз тату-тәтті өмір сүріп, бейбіт күндер кешуде. Тәуелсіздік бақытын бағалау, оны қадірлеу, туын биік ұстау біздің, келер ұрпақтың борышы. Міне, осылайша  асқақ армандарға толы, шаңырағы биік, керегесі кең, тұғыры биік – Мәңгілік елге айналдық!

Тәуелсіздікті алған жылдар ішіндегі ел тарихы мен шежіресінде қаншама жақсы өзгерістер болды, қаншама жұмыстар атқарылып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік, талай қиындықты артқа тастадық. Ол - елордамыз, төл теңгеміз, мемлекеттік тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, дамыған экономикамыз, еліміздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың нығаюы. Еліміздің әр қаласында жаңа тұрғын үйлер бой түзіп, көптеген өнеркәсіп орындар ашылды, халықтың өмір сүру деңгейі артты, Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына енді. ТМД елдері көшбасшыларының біріне айналды. Қазақстанның даму стратегиясы, әр саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жүзеге асырылды.

Ал биылғы жылы еліміздің спортшылары Токиодағы олимпиадаға қатысып, бақ сынасты. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент миллион халқы бар қалалар мәртебесін алды. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген іс-шаралар өткізілді.

Осыған байланысты, Департамент жергілікті мемлекеттік органдардың тіл мамандарын тарта отырып, «Тәуелсіздік - тұғырым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар, Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері арасында сайыс өткізіліп, Нұрбол Мұратұлының «Конституция – тәуелсіздігіміздің айғағы» атты шығармасы үздік деп танылды.

Еліміз тұрақты, әрі қарқынды даму үстінде. Алда алар асулар көп. Біз бір білектің күшіндей жұмылсақ, талай беселстерді бағындырарымыз сөзсіз. Сондықтан ел дамуына өз үлесін қосу әр қайсымыздың азаматтық парызымыз деуге болады. Елдің гүлденуі біздің жасаған қарекетіміздің жемісі болмақ.

О. Нұрғалиева, Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аударма бойынша редакторы.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Taylor 30 августа 2023 02:27

    I've been browsing online more than 3 hours today, yet I never
    found any interesting article like yours. It's pretty worth
    enough for me. In my opinion, if all webmasters and bloggers made good content as you did, the internet will be a
    lot more useful than ever before.

    Also visit my site compra de cefim en Barcelona

  2. аватар
    Laurie 2 декабря 2023 07:15

    First off I would like to say great blog! I had a quick question which I'd like
    to ask if you don't mind. I was interested to know how
    you center yourself and clear your thoughts before writing.
    I have had trouble clearing my mind in getting my ideas out.

    I truly do enjoy writing but it just seems like the first 10 to 15
    minutes are lost just trying to figure out how to begin. Any suggestions
    or hints? Cheers!

    Visit my web page: sitagliptina bez recepty w Szczecinie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив