ДДСҰ сарапшылары  Жаһандық бенчмаркинг миссиясы аясында Қазақстанда болды

ДДСҰ сарапшылары Жаһандық бенчмаркинг миссиясы аясында Қазақстанда болды

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының миссиясы 2018 жылғы салыстырмалы талдау қорытындылары бойынша дәрілік заттарды реттеу саласында Институттық дамыту жоспарының нұсқауларын орындау барысымен танысу үшін Қазақстанда болды.  Іс-шаралардың негізгі мақсаты — ДДСҰ Жаһандық бенчмаркинг құралының (ДДСҰ ЖБҚ) көмегімен Қазақстандағы реттеу жүйесінің мәртебесін айқындау және жүйенің кемелдік деңгейін бағалау.

ДДСҰ бағалауына сәйкес, Қазақстанның ұлттық реттеу жүйесі мүмкін болатын 4-нен 2-нің кемелдік деңгейін растады. Бенчмаркинг негізгі 8  индикатор бойынша өткізілді: ұлттық реттеу жүйесі, тіркеу және маркетингке рұқсат беру, фармакологиялық қадағалау, нарықты бақылау, лицензия беру, реттеу инспекцияларын өткізу, зертханалық реттеулер жүргізу,  клиникалық зерттеулерді қадағалау.

ДДСҰ, ЕУРО ДДСҰ және ДДСҰ Елдік кеңсесінің штаб-пәтерлерінен сарапшылардың қатысуымен ұйымдастырылған қазіргі ДДСҰ сапарының миссиясы — 2018 жылдан бастап түзету әрекеттерін орындаудан кейінгі нақты деректерді зерттеу, вакциналар реттелісін қадағалауға арналған бақылау көрсеткіштерінің шеңберін кеңейтуді қоса, қалған қажетті іс-шараларды талқылау, сондай-ақ Қазақстандағы дәрілік заттар мен вакциналарды ұлттық реттеу жүйесін ресми талдауға арналған келешек қадамдар мен мерзімдерді келісу.

Жұмыс сапары барысында ДДСҰ өкілдері ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен және Дәрілік заттар мен  медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен, атап айтқанда, бірқатар кездесулер мен талқылаулар өткізді. Бұдан бөлек, ДДСҰ сапарының қорытындылары бойынша ҚР ұлттық реттеу органын кемелденудің 3 деңгейіне жеткізу іс-шараларының Жол картасы әзірленді және бекітілді.

«Бенчмаркинг жөніндегі комиссиямен біз бірқатар маңызды тармақтарды талқыладық, ол бойынша әріқарайғы жұмысымыз жемісті болады деген үмітіміз үлкен. Біздің мақсатымыз — жүйені кемелдіктің келесі үшінші деңгейіне жеткізу. ДДСҰ ЖБҚ жіктеуі «тұрақты, жақсы жұмыс істейтін және ықпалдастырылған жүйе» деген мағынаны білдіреді. Сарапшылар бірқатар маңызды нұсқаулар ұсынды, біздің қызметіміздің озық жақтарын жоғары бағалады. Келесі жылғы ДДСҰ сапарында біз олармен жұмысымыздың нәтижелерін көрсетуге дайын боламыз», — деп түсіндірді ДЗСҰО Бас директоры Еркен Дәутбаев.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлем елдерінің реттеу жүйелерін нығайтуға қолдау көрсететін және сапалы, қауіпсіз, тиімді әрі қолжетімді медициналық бұйымдар мен денсаулық сақтау өнімдеріне әділетті қол жеткізуге ықпал ететін шешуші рөлін атап өтеміз.

Анықтамалық:

ДДСҰ бенчмаркингінің мақсаты – Жаһандық бенчмаркинг құралының көмегімен Қазақстандағы реттеу жүйесінің мәртебесін айқындау және жүйенің кемелдік деңгейін бағалау

1 деңгей – реттеу жүйесінің кейбір элементтері

2 деңгей – даму үстіндегі ұлттық реттеу жүйесі

3 деңгей – тұрақты, жақсы жұмыс істейтін және ықпалдастырылған жүйе

4 деңгей – өнімділігінің ілгерілі деңгейі және үздіксіз жақсару

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив