Солтүстік Қазақстан облысында бизнесті мемлекеттік қолдау сәтті жүзеге асырылуда

Солтүстік Қазақстан облысында бизнесті мемлекеттік қолдау сәтті жүзеге асырылуда

Қазақстанда кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау осы саланың дамуына тың серпін берді. Бұған «Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған пресс тур барысында өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің де көзі жетті.

«Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын Солтүстік Қазақстанда жүзеге асыру шаралары» атты баспасөз мәслихатында өңірлік филиал директоры Мереке Сыздыков «Даму» Қорының өңір кәсіпкерлерін қаржылай қолдау нәтижелері туралы айтып берді.

2021 жылдың 8 айында Солтүстік Қазақстан облысында несиенің жалпы сомасы 24,16 млрд теңгені құрайтын 430 субсидиялау келісімі жасалды. Олардың ішінен:

- «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша (ҚДБ -2025) - 16,28 миллиард теңгеге 419 келісімшарт (оның ішінде 1 бағыт бойынша 1,75 млрд. теңге сомасына 247 жоба);

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы (ҚЗЭ) бойынша - 7,88 млрд.теңге сомасына 11 келісімшарт.

Ішінара кепілдік беру көлемі де өскені байқалады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 361 кәсіпкерлік жобаға несиенің жалпы сомасы 12,7 млрд. Олардың ішінен:

- БЖК-2025 мемлекеттік бағдарламасы аясында - 10,59 млрд.теңге несие сомасына 353 жоба, 5,00 млрд.теңге кепілдік сомасына (оның ішінде 1,75 млрд.теңге сомасына 1 бағыт бойынша 247 жоба. кепілдіктер сомасы 1,47 млрд. теңге болды);

- ҚЗЭ аясында - 2,125 млрд.теңге сомасына 8 жоба, кепілдік сомасы 1,078 млрд. теңге.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған облыс кәсіпорындарына пресс тур барысында журналистер түрлі салаларда бизнес-идеяларын жүзеге асырып жатқан 4 кәсіпорынға барды. Кәсіпорын басшылары өздері пайдаланған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді:

«MATEX» ЖШС. Шұлық-ұйық пен кез келген логотипті, ою-өрнекті және алуан түсте жоғары сапалы шикізаттан тоқылған бас киімдер мен мойынорағыштар шығаратын зауыт. Барлық өнімдер өзбек және түрік өндірісінің жоғары сапалы шикізатынан (акрил, жартылай жүн, мақта) тоқылады. Сәйкестік сертификатына және ST KZ сертификатына ие.

Компания айналым капиталын толықтыру үшін «Еуразиялық банк» АҚ арқылы жылына 17,5%-бен несие алды. Қор «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында несиені субсидиялады. Нәтижесінде кәсіпорын қарызды 6%-бен төлейді. Сондай-ақ «Даму» қоры несие сомасының 85%-ына кепілдік берді

 

 

«Sens Fashion» ЖШС. Жеке кәсіпкер Сокирко Сергей Николаевич «Sens Fashion» сауда-өндірістік компаниясын ашқан. Ол аң терісі мен тоқымадан бас киім, былғары сырт киім, мектеп формасы, кеңсе киімдері, төсек-орын жабдықтары және камуфляж тігумен айналысады. Петропавл қаласында кез келген күрделі киім тігуге және қалпына келтіруге арналған ательелер желісі бар. Мектеп формаларының түрі де әр алуан. Киім ыңғайлы және мектеп формасына қойылатын мемлекеттік талаптарға толық сәйкес келеді. Компания мұғалімдерге арналған іскерлік үлгідегі киім шығаруды да қолға алды.

Айналымға қаражат керек болған кезде компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Даму-Өндіріс» (өңдеу өнеркәсібінде ШОБ қолдау бағдарламасы) бағдарламасы аясында 6%-дық жеңіл несие алды. Сондай-ақ  Қор несие сомасының 60%-ына кепілдік ұсынды.

«Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыру аясында «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС мектеп оқушыларын, сонымен қатар металлургия және машина жасау мамандығы бойынша 9-11 сынып негізінде студенттерді іріктеп, оқытады. 820 студентке арналған. Интернат пен шағын орталық та ұсынады.

Несие қаражаты есебінен компания жөндеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда: аудиториялар мен жалпы алаңдарды әрлеп, шатыр жауып, панель терезелер орнатып, кәріз және желдету, жылу, электр жүйесін жүргізіп, асхана, спорт зал, сыртқы элементтер (жертөле, кіре беріс, суағар, қайта бұзу) , бөлшектеу) жұмыстары жүргізілді. Химия, физика, биология, робототехника кабинеттері жабдықталды, спорт құралдары, компьютерлер мен кеңсе,  асхана жабдықтары, интерактивті панельдер, оқулықтар және т.б. заттар алынды.

Компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы инвестициялық мақсатта  14%-бен несие алды. Оны Қор «БЖК 2025» бағдарламасы аясында 6%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ Қор несие сомасының 78,8%-ына кепілдік берді.

«Левин В.Д.» ЖК - «Левин» жиһаз фабрикасы – Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі жиһаз өндірушісі және Қазақстанда орындық-үстел шығаратын компаниялардың бірі. 23 жылдық табысты жұмыс барысында компания қажетті инфрақұрылым құрды және технологиялық процестерді жолға қойды. Барлық жиһаз жергілікті ағаш түрлерінен және экологиялық таза материалдардан жасалған. Негізінен үстел мен орындықтар жасау үшін жергілікті қайың пайдаланылады. Дайын өнім Петропавл, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында сатылады. Процесті автоматтандыру арқылы компания жеткізу аясын кеңейтуде. Биыл Павлодар мен Орал нарығына шығуды жоспарлап отыр.

Жұмыстың тиімділігі мен өндіріс көлемін арттыру үшін кәсіпкер Елена Левина екі роботты манипулятор сатып алды. Ол үшін «АТФБанк» АҚ-дан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылына 15%-бен несие алынды. Оның 9%-ын «Даму» қоры субсидиялады. Ал кәсіпкер несиені 6%-бен төлейді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив