ШҚО-да «Бақытты Отбасы» бағдарламасына жоспардағыдан  5 есе көп өтінім түсті

ШҚО-да «Бақытты Отбасы» бағдарламасына жоспардағыдан 5 есе көп өтінім түсті

 

Аймақ билігі банктермен көп балалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін жеңілдетілген ипотека жөнінде келісіп, бастапқы жарнаны жүзеге асыру үшін оларға 1,5 млн теңгенің сертификатын беруге дайын. Облыстық «Парыз» қоры осы мақсатқа тағы 700 мың теңге бөледі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы мәселелері жөніндегі кеңестен кейін хабарлады.

«Тұрғын үй құрылысы мәселесін қарастырдық. «Бақытты Отбасы» бағдарламасына қатысуға көптеген өтінімдер түсіп жатқанын көріп отырмыз. 370 лимит болғанмен, 1800 өтініш келіп түсті. Оның 551-і көп балалы отбасылардан түскен. Осыған байланысты мен қалалар мен аудан әкімдеріне аталмыш бағдарламаға нақты қанша отбасы қатысуға дайын екендігін, сондай-ақ елді мекендерде ауданы 140 шаршы метр болатын екі пәтерлі үйлер салуға қандай учаскелер бөлуге болатындығы туралы ақпарат дайындауды тапсырдым. Банктер бізге қолдау көрсетіп, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға 9 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие беруге дайын. Біз өз тарапымыздан 1,5 млн теңгенің және «Парыз» қорынан 700 мың теңгенің сертификатын ұсынамыз», - деді аймақ әкімі өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Сонымен қатар, кеңес барысында әкім келесі жылға медицина және білім беру саласының мамандары үшін жаңа тұрғын үй құрылысы жобаларын салуды тапсырды. Облыс аудандарынан жас дәрігерлер мен педагогтардың кетіп қалуына көбінесе өз баспаналарының жоқтығы себеп.

Даниал Ахметов ШҚО-да коммерциялық тұрғын үй салу мәселесіне де тоқталды. Ол аймақта мұндай пәтерлерге сұраныс бар екенін тағы да айтты. Сондықтан облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері жеке құрылыс салушыларды шақыруға және оларға алдын ала дайындалған құрылыс жобасымен және инфрақұрылымы жүргізілген учаскелерді беруге рұқсат алды.

Құрылыс саласы бойынша Риддер қаласы тапсырманы орындай алмай қалуы мүмкін. Онда бар болғаны екі көппәтерлі үй салынуда. Даниал Ахметовтың айтуынша, ол жерге облыс әкімінің орынбасары бастаған арнайы комиссия барады. Олар тұрғын үй, әлеуметтік нысандар мен мектеп құрылысы жұмыстарын, сондай-ақ жылыту маусымына дайындығын тексереді. Сонымен қатар, нысандардың бірінде каркас жұмыстарының мерзімі созылып кеткен Күршім ауданы да көштен қалып келеді.

«Бұл – аудан әкімі мен құрылыс басқармасы тарапынан жіберілген кемшілік. Қалған аудандарда құрылыс пен реконструкциялау жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Осы жылдың өзінде аймақтың көптеген елді мекендерінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен мәдениет үйлері пайдалануға беріледі», -деп жазды Д.Ахметов өзінің Инстаграм парақшасында.

Кеңес соңында әкім жауапты тұлғаларға әлеуметтік нысандарды салуда қажеттілік пен демографиялық жағдайды есепке алу керектігін ескертті. Мысалы, Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру жобасы қайта қарастырылды.

«Өйткені ол жерге бассейні бар үлкен кешеннің қажеті жоқ. Ол көбінесе бос тұрады. Ал оны жылытуға, техникалық қызмет көрсетуге бюджет қаржысы шығындалады. Бұлай жасауға болмайды. Керісінше біз негізсіз шығындарға жол бермеуіміз керек», - деді ШҚО әкімі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Terrance 26 августа 2023 13:11

    My partner and I stumbled over here coming from a different page and thought I may as well check things out.
    I like what I see so now i am following you.
    Look forward to finding out about your web page repeatedly.


    Take a look at my homepage: Angie

  2. аватар
    Stewart 23 сентября 2023 02:25

    I loved as much as you'll receive carried out right here.
    The sketch is tasteful, your authored subject matter stylish.
    nonetheless, you command get got an shakiness over that you wish
    be delivering the following. unwell unquestionably
    come more formerly again as exactly the same nearly a lot often inside
    case you shield this increase.

    my site - compra de etoricoxib en Granada

  3. аватар
    Jayson 12 апреля 2024 12:34

    Aw, this was an incredibly good post. Taking a few minutes and actual
    effort to produce a top notch article… but what can I say… I put things off a whole lot and never manage to get nearly anything done.


    Here is my website: farmacia per avirodin

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив