Петропавлдың ювеналды полиция бөлімшесіне жыл басынан 47 кәмелетке толмаған есепке қойылды

Петропавлдың ювеналды полиция бөлімшесіне жыл басынан 47 кәмелетке толмаған есепке қойылды

Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Балалар профилактикасы және бақылау» акциясын облыс орталығының түнгі көшелерінде рейд өткізумен аяқтады. Ювеналдық полицейлер, білім бөлімінің өкілдері мен волонтерлерден құралған мобильді топ түн жарымына дейін көшелер мен аулаларды аралап, қаланың түрлі ықшам аудандарындағы дабылды шақыруларға жедел ден қойды.  

Көшедегі мінез-құлық ережелері, балалар жол-көлік жарақатын және жазатайым оқиғалардың алдын алу – СҚО полицейлері 5 тамыздан бастап басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қамтамасыз ету болып табылатын мақсатты акция өткізуде.  Күн сайын погондағы адамдар күрделі түсіндіру жұмысын жүргізіп, сондай-ақ бейсенбіден жұмаға қараған түні рейдке шықты. «Тексеріс» нәтижесі: кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық бұзушылық кездесетінін және бұған тек балалар ғана емес, ата-аналардың да кінәсі барын көрсетті.

Алғашқы шақыру – «Береке» ықшам ауданынан келіп түсті. Бесқабатты үйлердің бірінен көршілері ішімдік ішкен және түнде тыныштықты бұзған пәтердің тұрғындарына шағым білдірген. Келіп түскен ақпарат бойынша, пәтерде мас ересектермен бірге кәмелетке толмаған балалар болған. Ақпарат расталды: онда 34 жастағы әйел мен оның қала мектептерінде 4 және 8 сыныпта оқитын балалары болған. Инспекторлар әңгіме жүргізіп, ҚР ӘҚБтК 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша хаттама толтырылды, сондай-ақ анасы профилактикалық есепке қою үшін ювеналдық полиция бөлімшесіне шақырылды.

Түнгі он екі жарымда Жамбыл көшесіндегі «Тайга» сауда үйі ауданында мобильді топ екі жігіт пен екі қызды тоқтатқан. Оның үшеуі кәмелетке толмағандар екені белгілі болды. Қыздың біреуі ата-анасына құрбысының үйінде түнеуге баратынын, екінші қыз да өз ата-анасына осылай айтқан, ал ақыр соңында екеуі де түнде көшеде қыдырып жүрген. Балалармен негізді әңгіме жүргізіліп, олардың ата-аналары шақырылды. Әкімшілік хаттама толтырылды.

Рейд түн жарымына дейін жалғасты, мобильді топ «Береке» ауданы мен орталықтан бөлек, «Уют», Ой қала мен Жұмысшы кенті аудандарындағы мекенжайларда болды. Петропавл қ. ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, тексеріс қорытындысына сүйенсек: көбіне ата-аналар балалардың тәрбиесіне мән бермей, бос уақытын өткізуді қадағаламай және спирттік  ішімдіктерді асыра пайдалана отырып, өз теріс үлгі болады. Мұның бәрі жасөспірімдердің мінез-құлқына әсерін тигізеді, үйден кетіп қалу, бұзақылық сынды және басқа да қауіпті әрекеттерді жасауына итермелейді. Балаларға өз аналарының, әкелерінің, педагогтар мен полицейлердің мейірімді және жылы жүзбен қарауы кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты азайтуға көмегін тигізеді.   

Акция басынан қалалық полицейлер 11 әкімшілік хаттама толтырып, есепте тұрған 800 адамды тексерді. Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінде жыл басынан 47 кәмелетке толмаған есепке қойылды, барлығы 48 кәмелетке толмаған есепте тұр. «Балалар профилактикасы және бақылау» облыстық акциясы 13 тамызда аяқталады. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив