Жалпыға бірдей декларациялау: мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға кімдер жатады?

Жалпыға бірдей декларациялау: мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға кімдер жатады?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылғы 1 қаңтардан басталды деп хабарлайды. Бұл кезеңде декларацияны тапсыру бойынша міндеттеме мемлекеттік қызметшілерде, оларға теңестірілген адамдарда, сондай-ақ аталған адамдардың жұбайларында туындайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында бекітілген «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар» термині ұғымының мағынасын түсіндіреміз.

Бұл санатқа келесі тұлғалар жатады:

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар, яғни облыс, аудан, қаладағы аудан әкімдері және т.б., сонымен қатар оның ішінде мәслихат депутаттары;

- Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар;

- жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер-мәслихаттың, әкімдіктің және т.б. қызметкерлері;

- мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар. Оның ішінде, осы санаттағы адамдарға ұйымның мүлкін басқару және оған билік ету құқығы және бұйрықтар мен өкімдер шығару, сондай-ақ қол астындағы қызметкерлеріне қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолдану құқығы берілген адамдар жатады. Әдетте, мұндай өкілеттіктерге ұйым басшысы, бас бухгалтер және материалдық құндылықтарды дербес басқаруға құқығы бар немесе олардың қозғалысын бақылауды жүзеге асыратын адамдар ие;

- сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті тұлғалар. Осы санатқа квазимемлекеттік сектор субъектісінің сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өкілеттіктер жүктелген дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдарды жатқызған жөн;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері;

- азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері;

- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері.

Декларацияны қағаз түрінде табыс ету мерзімі 2021 жылғы 15 шілдеге дейін аяқталғанын атап өткен жөн.

Осылайша, декларацияны электронды түрде тапсырудың соңғы мерзімі 2021 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив