Темір тордың арғы жағында -  сотталғандардың қолымен жасалған гүл әлем бар

Темір тордың арғы жағында - сотталғандардың қолымен жасалған гүл әлем бар

       Биік дуалмен, тікенек сыммен  қоршалған тергеу изоляторының сыртқы көрінісі, кімге де болса, ызғар лебін есіп, суық көрінері анық.  Бірақ,  ішке кірсеңіз, мұнанда да шуақты өмірдің көріністерін табасыз. Ол - сотталғандардың өзі қолымен жасалған, гүлдер әлемі.

     ЗК-169/1мемлекеттік мекемесінің шаруашылық бөліміне қалдырылған С.есімді сотталған, тұрғын мекен-жайындағы  жатахана ауласын абаттандыру жұмысын жүргізеді. Екі жылдан аса уақыттан бері, суық ызғар кейпін танытып тұратын  тергеу мекемесінің төңірегіне гүл егіп, көзді арбап, көңілді көтерер,  көркем әлемге айналдыра білген  жазасын өтеушінің бұл ісінің өзіне де, өзгеге де пайдасы зор.

     Олай дейтініміз, бас бостандығынан айырылған азаматтардың бұл  еңбегі тәрбиелік және қылмыс жасаған кезде келтірілген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру  ықпалмен қатар, жаны жабырқаулы жаза мерзімін өтеушілер үшін демалыс алаңына айналған.

  • Жадыраған жаз айларында ұзақты күн осы жатақана ауласындағы алаңды абаттандыру жұмысында жүремін. «Гүл — дүние көркі» Сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу қандай ләззат! Гүл өсірілген жерде сіз оңай тыныс аласыз. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.

Жұмыстан тыс уақытта, кітапханадан гүлдер туралы, оны күтіп баптауы жайлы оқып біліп жүремін. Соның ішіндегі, мына бір аңыз, мені терең ойға қалдырды

Бір  сұлу қызға қаншама жігіт ғашық болады, бірақ ол, ешқайсысын менсінбестен, түбінде бір семіз әрі  таз жігітке үйленеді. Біраз жылдардан соң, ғашық болған жігіттердің бірі, онымен кездесіп, бұнысының мәнісін сұрайды.

    Сонда әлгі « қыз ». «Анау тұрған гүл бағының ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін ілгерілей аласың бірақ кері шегінбейсің!» дейді. Осылай ең әдемі гүлді табамын деп ілгерілеп жүре келе бақшаның соңына да жетеді. Кері шегіне алмаған жігіт амалсыздан сол жерден бір гүлді үзіп, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, өңсіз гүлді әкелгенін көреді.

Сонда қыз жігітке бұрылып былай дейді: «Көрдің бе? Үнемі ең жақсысын табуды қалағаныңда өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Соңында ең жаманына да разы болуға мәжбүр боласың. Сондықтан жастық шағың қолдан кетпей тұрып қолда бардың қадірін білу керек.»

Міне, мен де, « бай боламын, ақшалы боламын» деп жүріп, қылмыс жасадым,енді  өкініп жүрмін. Бірақ, қай жерде жүрсеңде, тек жақсылықтан үміттену керек. Мына еккен гүлдеріме  қарап,  жаным жай тауып, бостандыққа деген зор үмітім оянады- деп, сенімді үнмен аяқтады сөзін сотталған.

  • Шынында да, қол еңбегі сотталғандардың түзелу жолына әкелетін тәрбие құралы. Ашық алаңдағы жұмыс, олардың көңілін сергітіп, жақсы  мінез- құлыққа, игі істер жасауға  әсері бар. Бұл сотталғанның бостандыққа шығуына  бір жылға жуық уақыты қалды. Шыққан соң бау-бақша, гүл егумен айналысамын дейді. Олай болса, бұл біздің тәрбие бөлімінің оң нәтежие бергені деп есептейміз- дейді, жасақ бастығы , әділет лейтенанты Ниязов Нұрсұлтан

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив